«Жастар» ғылыми – зерттеу орталығы келесі қызметтер түрін көрсетеді:

1. Монографияларда, ғылыми еңбектерде, бюллетендерде және т.б жерлерде жариялай отырып, жастар саясатына негізгі және қолданбалы зерттеулер жүргізу.

2. Ғылыми мақалалардың, авторефераттардың, диссертациялардың басылымына қатысты барлық мәселелер бойынша студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және де басқа да мүдделі тұлғаларға кеңес беру.

4. Ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалар мен авторефераттар жазуға көмектесу.

5. Қазақстан Республикасының орта, орта кәсіби және жоғары оқу орындарында жастар саясаты жөнінде негізгі және элективті (факультативті) курстардың бағдарламалары мен тақырыптық жоспарларын дайындау.

6. Жоғары оқу орынан кейінгі (магистратура және PhD докторантура) білім беру аясында, «Мемлекеттік жастар саясаты» пәндер сериясын оқыту барысына ғылыми және оқу-әдістемелік қолдау көрсету.

7. Мемлекеттік жастар саясаты саласында жұмыс істейтін мамандар, педагог пен ғалымдар үшін тренинг-семинарлар өткізу.

8. Жастар тақырыбындағы конференцияларға, форумдарға, семинарларға контенттік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету.

9. Әлеуметтік және бизнес жобаларға әдістемелік, ұйымдастырушылық, қаржылай және кеңестік қолдау көрсету.

10. Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қоғамдық акциялар мен іс-шараларға ақпараттық қолдау көрсету.

11. Әлеуметтік-гуманитарлық бағытта оқитын жастарға оқу практикасын ұйымдастыру және өткізу.

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00