«Бізге жастар арасындағы процесстерді терең зерттеу керек. Білім және ғылым министрлігіне, Гумилев атындағы Еуразиялық университетіне қарасты «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығын құру турылы мәселені қарастыруды тапсырамын»

Н.Ә. Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

 

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 2012 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясы барысында жарияланып, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырысы бойынша құрылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ЕҰУ-не қарасты «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы № 115 қаулысы 2013 жылдың 11 ақпанында қабылданды. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті ректорының, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру жайлы бұйрығы 2013 жылдың 28 ақпанында бекітілді. 2013 жылы 4 наурызда ЖШС ретінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу жасалды.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретіндегі №003370 аккредитациялау туралы куәлігі Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігімен 2013 жылдың 14 ақпанында берілді.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы барлық санаттағы жастар арасындағы мәселелерді ерте анықтау мен алдын алу, жастар арасындағы үрдістерді терең зерттеу үшін құрылған. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы заңының 24-бабына сәйкес, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми зерттеулер мен мемлекеттік жастар саясатының іске асуына әдістемелік қолдау көрсетеді.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының мақсаты – мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының негізгі міндеттері :

  • Топтың жас мөлшеріне сәйкес жастар саясатын жүзеге асырудағы негізі бағыттар бойынша негізгі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
  • Мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік өлшемдер жүргізу;
  • Жастар арасында мемлекет басымдықтарын өзектеу;
  • Жастар саясатын дамытудың басым бағыттарын модельдеу;

Мүдделі мемлекеттік құрылымдардың салааралық ынтымақтастықтарына әдістемелік қолдау көрсету;

Мемлекеттік жастар саясаты мүшелерінің біліктілік деңгейін арттыру.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы өз күшімен жүзеге асырылатын жобалармен қатар, мемлекеттік жастар саясатының субъектілерімен де, басқа да ұйымдармен де қатынас орната отырып, бірлескен жобаларға қатысады. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының серіктестері:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі www.edu.gov.kz

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі diakom.gov.kz

Ұлт көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасы www.presidentlibrary.kz

«Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебі spm.nurotan.kz

Қазақстан жастар конгресі www.zhascongress.kz

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы www.zhasulan.kz

Мәскеу технологиялық университеті - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы-мемлекеттерінің жастарымен жұмыс істеудегі негізгі ұйымы www.mirea.ru

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00