Screenshot_1.jpg

2018 жылдың 27 сәуірінде Астана қаласында «Болашақ мамандар: Y, Z ұрпақтары қандай бағытқа дайын болуы керек?» атты шетел сарапшыларының қатысуымен жастардың өзекті мәселелері бойынша республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам минстрлігі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы және  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы болды.

Конференция алдыңғы қатарлы білім беру жүйесінің, еңбек нарығының, жастар саясаты мәселелерінің дамуын қамтамасыз етуде қызығушылық танытқан барлық тараптардың өзара іс-қимылдарын жақсартуға, ортақ көзқарас қалыптастыруға және заманауи тосқауылдарға дайын болуларына бағытталған.

Конференция жұмысына Қазақстан республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Кәлетаев Дархан Аманұлы, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Өрсариев Арын Амангелдіұлы, мүдделі мемлекеттік органдардың, дипломатиялық қызмет өкілдері, отандық және шетелдік сарапшылар, жастар ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар жастармен жұмыс істейтін мамандар қатысты.

Модераторлар және спикерлер ретінде «Атлас новых профессий» жобасының жетекшісі Судаков Дмитрий Александрович (Ресей Федерациясы), Жастар саясаты лабораториясының сарапшысы Бакальсо Мария Кристина (ГФР), Almaty Management University директоры Қожахметов Асылбек Базарбайұлы, «Нұр Отан» партиясының саяси қызмет Депертаментінің директоры Жумин Данат Есболұлы, қоғам қайраткері және саясаттанушы Саясат Нұрбек, «Холдинг «Кәсіпқор» ҰАҚ Worldskills Kazakhstan қозғалысының және профмастерлік даму басқармасының басшысы Байгулунова Данагүл Дауренқызы, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахим Ошақбаев, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның президенті Арғандыков Дәулет Рашидұлы, «Нұр бағдар» кәсіби тестілеу және кеңес беру Орталығының әкімшілік директоры, бас редактор Мамбеева Жанар Сабурқызы, The Steppe бас редакторы Қосназаров Данияр Бүлекұлы, Қазақстандағы БҰҰ-ның (ЮНИСЕФ) Балалар қоры Уәкілдік бағдарламасының үйлестірушісі Айгүл Қадырова және тағы да басқалары сөз сөйледі.

Screenshot_5.jpgScreenshot_4.jpgScreenshot_6.jpg

Screenshot_7.jpg

Конференция аясында үш секция ұйымдастырылды -«Жаңа жұмыспен қамту нысандары және озық білім беру», «Футурология және болашақ мамандар», «Қазіргі заманғы білім: Y, Z ұрпақтарының рухани-адамгершілік идеалдары».

            Көпшілік сарапшылардың ойлары бойынша еңбек қызметіне цифровизация, автоматтандыру, роботтандыру, жаһандану,  экологизация, әлеуметтік қоғамдардың дамуы, демографиялық өзгерістер, экономиканың құлдырауы («краудкапитализм»), техникалық прогресстің күрт дамуы әсер етуде. Сол себепті өсіп келе жатқан ұрпағымыздың бойында қарқынды өзгеріп келе жатқан өмір жағдайларына бейімдендіру дағдыларын дамыту өзекті мәселе болып отыр. Бұл тек қана менталды емес, сонымен қоса эмоционалды, физикалық тұрғыда және рухани даму болып табылады.

Конференция нәтижесі бойынша материалдар жинағы шығарылып, резолюция қабылданады.

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00