Бүгін, 16 сәуірде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Жастардың гуманитарлық білім алуы – рухани жаңғырудың императиві» атты жастардың гуманитарлық білім алуы мәселелері бойынша дөңгелек үстелін өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған және Елбасына ұсынылған 18 оқулық бойынша пікірлермен алмасу және жастардың гуманитарлық білім алудағы өзекті мәселелерін талқылау.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры З.Қ.Шаукенова, Ұлттық аударма бюросының редакторы Т.Мұхтаров, «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы Кеңесінің төрағасы М.Н.Манкеев, Қазақстан КВН одағының президенті Е.Елеукен, сондай-ақ «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сарапшылары А.Абдуллаева мен Ә.Ибадоллаева сөз сөйледі.

Ұлттық аударма бюросының редакторы Т.Мұхтаров қазақ тіліне аударылған 18 оқулықты ұсынып, Париж университетінің профессоры Реми Хесттің «Философия жайлы 25 таңдамалы кітап», американдық ғалым Дэвид Майертстің «Әлеуметтік психология» және Ли Энн Пек пен Гай Рилдің «Медиа этика» кітаптарына тоқталды. Сондай-ақ, биыл дүниежүзі тарихы мен дипломатия туралы әлемдік туындыларды аудару жоспарланып жатқанын баяндады.

Белгілі ғалым З.Қ.Шаукенованың айтуынша, жаңа аударылған оқулықтар жас буынға туған тілінде әлемдік білім алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жастар тәрбиесінде әлеуметтік психологияның маңыздылығы туралы айтылды.

«Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысы Кеңесінің төрағасы М.Н.Манкеев жоғары оқу орындарының гуманитарлық білім бойынша бағдарламаларына сараптама жүргізу жөнінде айтты.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сарапшысы А.Абдуллаева дінтану саласындағы құнды еңбек тарту еткен британдық жазушы Карен Армстронгтың «Құдайтану баяны: иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс» кітабы жайында пікірін білдіріп, бұл оқулықтың дін саласындағы мамандарға ауадай қажет екенін айтты.

Дөңгелек үстел жұмысына сарапшылар, республикалық жастар ұйымдарының басшылары, сондай-ақ жастармен жұмыс жасайтын мамандар қатысты. Іс-шара нәтижесінде жастардың гуманитарлық білім алуын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленеді.

16

13

14

15

17

12

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00