001002

Бүгін Шымкент қаласында ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесінің ХХІ отырысы студент жастармен және белсенділермен кездесу өтті. Кездесу барысында жастар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа бес әлеуметтік бастамаға қолдау білдіріп,  алғыспен үндеу жолдады.

Барша жастардың атынан Елбасының атына үндеуді «Қазақстан студенттері Альянсы» республикалық студенттер қозғалысының лидері Ілияс Түстікбаев жариялады.

«Еліміздің барлық студенттерінің атынан, Сізге әрдайым тұрақты және перспективалы дамуға, білім беру саласында және студент жастардың шығармашылық өсуіне, алға қойған жоспарларды іске асыруда көрсеткен орасан қолдауыңыз үшін шексіз алғысымды білдіремін.

Бүгінде елімізде жастардың рухани және потенциалдарының дамуына барлық мүмкіндік жасалған. Сіз жариялаған Әлеуметтік жаңғыруға бағытталған 5 әлеуметтік бастама жастардың дамуы мен қалыптасу жолында қуатты қолдау болып табылады. Аталған бағдарламалар жастарға деген мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі деп білеміз», - деп айтылған үндеуде.

«Нарықтық экономикада адами капиталы бірінші орынға шығады. Жоспарланған гранттар, еліміздегі әрбір екінші жастың жоғары сапалы және қолжетімді білім алу үшін үлкен көмек көрсетеді, жас мамандардың Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шет елдерде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға зор мүмкіндік береді. Жоспарланған жаңа 75 мың орындық студенттік жатақханалар мемлекет тарапынан жастардың сапалы білім алуға деген баса назарының айқын көрінісі.

Біз жас мемлекетпіз. Бәрі әлі алдымызда, барлық жолдар ашық, жаңа мүмкіндіктер іске асуын күтуде, осының барлығы бізге ерекше серпіліс береді. Еліміздің көңілі жайлы, тұрмысы майлы болу жолында тың міндеттерді тындырымды жұмысқа ұластыруға бар күшімізді саламыз!», - деп жазылған жастар үндеуінде.

Ел жастары мемлекетіміздің одан әрі дамып, гүлдену жолында әлі де талай істің жүзеге асырылуы тиіс екенін түсіне отырып, әлеуметтік мемлекет пен ұлттық өркендеудің шынайы, әрі сындарлы қазақстандық моделін бірге жасауға дайын екендіктерін атады.

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00