Qu1fxZrI

 Фотосурет Павел Михеев

Ресей нарығы тұрақсыз, рубль психологиялық шектен асып кетті, ресей олигархтары мен компаниялары миллиардтаған долларларынан айырылуда. Бұл жағдайда қазақстандықтар не күту керектігін біз ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтан сұрадық.

«Санкциялар жарияланған күні нарықта толқулар басталды. UC Rusal акциялары едәуір түсті, сол ретте біз ресей рублі деңгейінің өзгеруін байқаудамыз. Біріншіден, бұл үдерістің біздің нарыққа әсерін бағаламас бұрын екі-үш күн нарық қобалжуларын бақылауымыз қажет, өйткені өздеріңізге мәлім болғандай, саясиландыру мәселесіне қатысты нарық өзгереді. Сондықтан, Ресейдегі жағдайды бақылап отыруымыз қажет, егер рубль төмендеп және ол жүйелі сипатқа ие болса, онда біз де оның әсерін сеземіз. Бұл ретте біз Ұлттық Банкпен бірлесе жұмыс атқаруымыз қажет. Бүгін Премьер-министр төрағалығымен экономикалық саясат жөнінде кеңес отырысы өтуде және осы мәселе сол жерде қарастырылады. Қазіргі уақытта, бірінші кезекте, Ресейдегі ахуалды зерттеу қажет, кейін біздің экономикамыз, саудамыз, инвестицияларымыз, курсымызды бағалауымыз қажет», - деді министр.

Журналистер: «Бүгінгі теңгенің құлдырауын тек жай ғана қобалжу деп қарастыру керек пе?» - деп сұрақ ойды.

«Әлбетте, біздің баға белгіленімі нарықтық сипатта, сәйкесінше нарықтық агенттер кез келген жаңалыққа әсерін тигізеді және белгілі бір психологиялық әсер байқалуы мүмкін», - деп  Т.Сүлейменов ақпаратты растады.

- Қазақстанның Ресейде инвестициялары көп пе?

«Керісінше, біз Ресейдегі инвестициялардың реципиентеріміз. Біздің мұнай-газ секторында, өндірістік секторларда және т.б. салаларда ірі инвестицияларымыз бар. Олар ұзақмерзімді сипатқа ие, сәйкесінше, Қазақстан экономикасынан кететін инвестицияларды көрмейміз, алайда кешенді бағалауды жүргізіп отырмыз. Бұл жұмысқа біздің Министрлік, Қаржы Министрлігі, Ұлттық Банк және мемлекеттік органдар тартылады», - деп сөзін аяқтады министр.

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00