«Болашағын бүгіннен бастаған» еліміздің ең белсенді жастары бүгін жастар саясатын дамытуда атқарылған жұмыстар бойынша жылды қорытындылады.

25587973 506832219699929 7722511484779725256 o

Тәуелсіздігіміздің 26 жылында еліміз үшін біршама істер атқарылып, бастамалар көтерілді. Талай асуларды бағындырып, биік шыңдарға шықтық. Бұл ретте жастардың да қосқан үлесі зор.

786 056 жасы бар оңтүстікте жастар саясатын жүзеге асырып, мемлекетіміздің қарқынды дамуына үлес қосып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу - баршамыздың ортақ  міндетіміз.

Бүгінгі таңда, өңіріміздің барлық аудан, қалаларында «Жастар ресурстық орталықтарына» барлық  жағдай  жасалып, толық қолдау көрсетілуде. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында да  дәл солай жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары тағайындалып, аптасына 7 күн, 24 сағаттың кез-келген уақытында жұмысқа дайын жастарымыз  істер атқаруда. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» да биыл біршама өзгерістер мен жаңалықтар еңгізді. Атап айтар болсақ, орталықта жастарға қызмет көрсететін сектордың іске қосылып, орталық жанынан мектеп-үйірмелерінің құрылуы. 

Осы орайда, бірлесе жұмыс жасап, өңіріміздің жастар саясатының қарқынды дамуына үлес қосып, қоғамдық өмірге белсене ат салысқаны үшін біршама жыл үздіктерін арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

Ел ішіндегі қоғамның түрлі саласындағы патриот, іскер, талантты жастарды қолдап, жастар арасында бәсекелестікті дамытып, қабілеті жоғары жастарды анықтап, олардың болашаққа деген сенімділігін арттыру, жыл үздіктерін жастар арасында насихаттау мақсатында орталық басшысы 26 номинация бойынша үздік жастарды анықтап, алғысын білдіріп, алдағы уақыттағы бірлесе атқаратын белестер үшін сенім білдірді.

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00