Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған кітапта таныстырылды.

20180412122327

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында ұйымдастырылған іс-шараға қоғам қайраткерлері, ғылыми гуманитарлық орталық қызметкерлері, оқытушылар, ЖОО жетекшілері мен студенттер ат салысты.

Жоба гуманитарлық білім мен мемлекеттік тілді дамытуды жетілдіруге бағытталған.

«Бүгін шығарылған кітаптармен қазақ тілді балалар таныс емес. Сондықтан, біріншіден біз қазақ тілін байытамыз, екіншіден, біз ары қарай білімімізді шыңдауымыз қажет. Соған байланысты біз осы жобаны талқылау үшін жиналдық», – деді Елбасы.

Философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, мәдениеттану, антропология мен журналистика салаларында 18 кітап аударылды.

20180412110014

Ұлттық аударма бюросының айтуынша, 18 аударылған кітаптың 16-сы ағылшын тілінен аударылса, қалған екеуінің бірі – француз, екіншісі – орыс тілдерінен аударылған.

Кітаптар Қазақстанның барлық мемлекеттік университеттеріне тегін берілетін болады. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап, ЖОО оқытушылары кітаптарды оқу бағдарламасында пайдалана бастайды. Кітаптардың электронды нұсқалары Ұлттық аударма бюросының сайтында жарияланады, кез келген адам қалаған кітабын тегін жүктеу мүмкіндігіне ие.

20180412105928

Ұлттық аударма бюросының мәлімдемесіне сәйкес, батыс философиясы, лингвистика, семиотика, жаңа педагогика, интернет психологиясы, халықаралық құқық, дипломатия, журналистика, өнер тарихы бойынша тағы 30 кітап аударылады. Одан бөлек, аударма барысындағы экономика мен кәсіпкерлік бойынша алты кітап (аударылған үш кітаппен бірге) отандық бизнес-мектептеріне қазақ тіліндегі MBA бағдарламасын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00