06050505

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының  Zhas Talks пікір-талас алаңы – сарапшылар жиі бас қосатын орын.

Күні кеше Орталықта ҚР Дін істері және азаматтық қоғам бастамасымен «Президенттік 5 бастаманы» талқылау бойынша кездесу өтті.

Бейресми шараға Жастар саясаты департаменті директоры Асхат Оралов, Мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен, «Жастар» ҒЗО директоры Талғат Қалиев, Астана қалалық мәслихатының депутаттары, кәсіпкерлер – Илья Мещеряков пен Саят Батпенов, ЕҰУ Жастар бизнес-инкубаторының директоры Айболат Есентемиров, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері мен танымал кәсіпкерлер қатысты.

Жастардың қаладан ауылға қоныс аударып, кәсіпкерлікпен айналысу мәселесі кездесудің басты тақырыбына айналды.

Ауылда өз кәсібін дөңгелетіп жүрген жастар өздерінің табысқа жету тарихымен бөлісіп, аудиторияға жағымды әсер қалдырды.

Соның ішінде жас фермер Дмитрий Корепановтың оқиғасы айтуға тұрарлық. Павлодар қаласынан Черноярка ауылына қоныс аударған жас кәсіпкер мемлекеттік несиелендіруді алып, қазіргі уақытта шаруашылықпен айналысып келеді.

Кәсіпкердің айтуынша, ауыл өмірінен жырақ қалада өскендіктен, әр уақытта ауылдық жерде тұрып, қызмет атқарғысы келген. Арманы орындалып, Черноярка ауылында жеке кәсібін ашып, мал шаруашылығымен айналыса бастаған. Нәтижесінде, Дмитрий Корепанов Қазақстанды шет елде танытып жүр.

Сонымен қатар, жас кәсіпкер ауылдардағы кадр тапшылығын айтып, жас адамдарды ауылды бірге көркейтуге үндеу салды.

Автор: Әсел Ибадуллаева

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00