на р

Ағымдағы жылғы 22 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында «Жастар және дәуір келбеті» тақырыбындағы республикалық форумы өтті.

Форумның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру және Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының талқылау болды.

Форумда азаматтық қоғамдастықтың өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері, сонымен қатар қазақстандық ЖОО-ның жастармен жұмыс жүргізетін мамандар, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Орал, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарынан келген делегаттар қатысты.  

 Аталған Форумда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры
Дихан Қамзабекұлы, Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, «Қазақпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігінің бас редакторы
Аскар Омаров, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев және «Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есен Елеукен сөз сөйледі.    

 Өз кезегінде вице-министр А. Нүкенов «Рухани жандану және мемлекеттік жастар саясаты» тақырыбындағы мемлекеттік жастар саясатының рөлі мен маңыздылығын  атап өтіп, студенттерді ел дамуына барлық күштерін салуға шақырды.   

Іс-шара барысында жастардың азаматтық, саяси қоғамда, елдің экономикалық дамуында рөлі туралы және жастардың республика бойынша ақпараттық алаңда атсалысу туралы сөз қозғалды.

Дереккөз: ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00