осн

2018 жылғы 22-23 ақпанның аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А.Н. Нүкенов Маңғыстау облысына жұмыс бабымен іссапарға барды.

Іссапар барысында Абзал Нүкенов екі кездесу өткізді: аймақтың үкіметтік емес ұйымдары және қоғамдық кеңестер өкілдерімен, сонымен қатар Жаңаөзен қаласының жастарымен кездесу өткізді.

Аймақтың үкіметтік емес ұйымдары және қоғамдық кеңестер өкілдерімен кездесу барысында ол ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын және «Рухани Жаңғыру» Бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндама жасады.

Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сағын Ерқасұлы Қырымқұлов өз кезегінде өңірдегі қоғамдық кеңестердің 2017 жылғы қызметі және 2018 жылға арналған жоспарлары туралы баяндады.

Өңірлік қоғамдық ұйымдардың өкілдері өздерінің қызметтері туралы, іске асырылған және келешекте іске асырылатын жобалар туралы сөз қозғады, сонымен қатар бірқатар ұсыныстар жасалды.

Абзал Нүкенов Маңғыстау облысының азаматтық қоғам өкілдерін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру арқылы іске асырылатын әлеуметтік жобаларды іске асыруға белсенділікпен қатысуға, өзекті мәселелерін шешуге, жергілікті атқарушы органдар өкілдерін – өңірді дамыту жөніндегі бастамаларды жүзеге асыру үшін ҮЕҰ-ларды мемлекеттік қолдау тетіктерін кеңінен қолдануға шақырды.

Сондай-ақ, Абзал Нүкенов үкіметтік емес ұйымдарды ағымдағы жылғы қараша айында өтетін VIII Азаматтық форум жұмысына қатысуға шақырды. Азаматтық форум - мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы идеялармен бөлісетін бірегей диалог алаңы болып табылады.

Жанаөзен қаласының жастарымен кездесу барысында  А. Нүкенов Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндірді.

Вице-министр жастардың назарын дағдыларын дамыту қажеттігіне, шетел тілдерін меңгеруге аударды, шаршамай  еңбектенуге және бәсекеге қабілетті болуға шақырды.  

Сонымен бірге А.Нүкенов Жастар саясаты саласындағы министрліктің қызметі туралы айтып берді.

«Бүгінгі таңда жастармен жұмыс істеудің 4 негізгі бағытын алға қойдық: «Рухани жаңғыру» Бағдарламасы аясындағы жастар құндылықтары, барлық оқу орындарында кешенді ерте ақпараттық жұмысты ұйымдастыру арқылы кәсіптік бағдар жұмысының тетіктерін жетілдіру, жастар кәсіпкерлігін (бизнес-инкубаторлар, стартаптар және т.б.) дамыту, ынталандыру жүйесі арқылы жастар әлеуметтенуінің жаңа элементтерін енгізу», - деп, атап өтті А. Нүкенов. 

Сонымен бірге, кездесу барысында студенттік және жұмысшы жастар өкілдері өз ұсыныстарын айтты.

Кездесуге жас мамандар, жастар ісі комитеттерінің көшбасшылары, жастар ұйымдарының өкілдері, студенттік актив қатысты.

Сондай-ақ, вице-министр жұмыс сапары шеңберінде Ақтау қаласы жастар орталығының қызметімен танысты.

Дереккөз: ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00