Logo

Құрметті әріптестер!

2018 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Болашақтың мамандықтары: Y, Z ұрпақтары қай бағытта дайындалуы керек?» тақырыбында жастардың өзекті мәселелері жөнінде шетелдік сарапшылардың қатысуымен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияны өткізу мақсаты сарапшылар жастар мәселелерін, жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту, келешектің мамандықтары, адами капиталды дамыту, рухани құндылықтар мәселелерін, дамудың болашақтағы бағдары, «сандық дәуір», жастарды жұмыспен қамтудың заманауи тенденциялары, XXI ғасыр дағдылары, жастардың рухани білім алуы, жойылып бара жатқан мамандықтар, заңнаманы жетілдіру және жұмыспен қамту жүйесі, білім беру жүйесін жаңарту және еңбек нарығына бейімделу, еңбектің бірыңғай электронды биржасын енгізу және еңбек нарығында жол табу мәселелерін талқылайтын алаңды ұйымдастыру болып табылады.

Конференция зерттеу жүргізу идеялары және тәжірибемен алмасуға мүмкіндік береді, түрлі ғылыми және зерттеу ұйымдарыныңбайланыстарын арттырады.

Конференцияға қатысуға жастармен жұмыс жасайтын сарапшылар, ғылыми-зерттеу институттарының, аналитикалық орталықтар және өзге ұйымдардың қызметкерлері шақырылады.

Конференция жұмысына танымал шетелдік және отандық сарапшылар қатысады.

Өткізу форматы

Конференцияны өткізу аясында келесі секциялардың жұмысы жоспарланған:

I секция: «Жұмыспен қамтудың жаңа нысандары және озық білім»

II секция: «Футурология және болашақ мамандықтары»

III секция: «Заманауи әлемдегі білім: Y және Z ұрпақтарының рухани-адамгершілік идеалдары»

Конференцияны өткізу «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы қызметінің 5-жылдығына арналған.

Жұмыс тілдер: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына қатысуға өтінім (1-қосымша) жолдау қажет.

Конференция жұмысының нәтижелері бойынша ISBN нөмірі бар мақалалар жинағы шығарылатын болады.

Мақалалар тегін қабылданады.

Конференция қатысушыларына сертификаттар беріледі.

Өтінімдер және тезистерді қабылдау

Өтінімдер 2018 жылғы 20 сәуірге дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. қабылданады. Өтінім үлгісі біздің elzhastary.kz сайтымызда және ақпараттық хаттың 1-қосымшасында  орналасқан.

Тезистерге қойылатын талаптар

Тезистер қағидаларға және үлгіге (ақпараттық хаттың 2-қосымшасы) сәйкес рәсімделуі тиіс.

 

Баяндамаға қойылатын талаптар

Баяндама зерттеудің негізгі мазмұнын бейнелеуі тиіс. Баяндаманың ұзақтылығы – 7 минутқа дейін. Компьютерлік презентацияның болуы, қосымша үлестірме мәліметтер – автордың қалауы бойынша.

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00