loskutova 702x468

Ағымдағы жылдың 8 ақпанында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы негізінде «Жас журналистер клубының» балалар мен жастар құқықтарын қорғау тақырыптарын жариялаумен айналысатын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мамандарға арналған кезекті оқыту семинар-тренингі өткізілді.

Семинар-тренингтің дәріскері танымал журналист, «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары Оксана Лоскутова.

losk 702x468

Тренинг барысында төмендегідей тақырыптар қозғалды:

жастармен (балалармен) жұмыс істеудегі теледидардың ерекшеліктері мен сипаттамалары;

- теледидардағы балалар имиджі;

- бұқаралық ақпарат құралдарында балаларды пайдалану;

- балалар туралы ақпарат жинау және оларды өңдеу;

- балалар және жасөспірімдермен оң байланыс орнату;

- бұқаралық ақпарат құралдарында жиналған ақпаратты жарыққа шығарудың этикалық қағидалары.

Шара соңында жас журналисттер өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, спикерден мазмұнды да жан-жақты жауаптар алды. 


Семинар-тренинг оқыту нәтижесінде 70% бағдарламасын игерген қатысушылар аттестациялық тестілеуден өтіп, «Жас журналистер клубының» арнайы сертификатқа ие болады.

Іс-шара ұйымдастырушылары: «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы және БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) ҚР өкілеттілігі.

 

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00