Bek aryin 702x339

Бүгін Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б.Арын «Жастар» ҒЗО қызметкерлерімен кездесіп, Орталық қызметімен танысты.

Кездесуге Дін істері комитеті төрағасы Оңғарбаев Еркін Ануарұлы, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы директоры Әбуов Айдар Парқұлұлы, «Ақниет» ҚҚ директоры Шәуметов Әлім Фазылжанұлы, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы директоры Өтешов Нұрлан Сүлейменұлы және Орталықтың қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында вице-министр жастар арасындағы діндарлықтың өсуін, ақпараттық кеңістіктің жас адамдардың санасына әсерін ерекше атап өтіп, мемлекеттік жастар саясатының салаларын жетілдіру бойынша жүйелі шараларды іске асыру қажеттігін ескертті.

bek aryinn 702x468

Өз кезегінде «Жастар» ҒЗО орталығының директоры Талғат Қалиев Орталық қызметінің басты бағыттарымен және атқарылып отырған жұмыстарымен таныстырды. 

Сонымен қатар, кездесу аясында бірлесе әзірленетін маңызды стратегиялық жоспарлар, 2018 жылға арналған маңызды жобалар талқыланды.

Автор: Әсел Ибадуллаева

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00