20292942 1422063157841679 4470335874110447890 n

2018 жылдың 8 ақпанында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Жас журналистер клубының» балалар мен жастар құқықтарын қорғау тақырыптарын жариялаумен айналысатын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мамандарға арналған кезекті оқыту семинар-тренингі өткізіледі.

Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) өкілеттілігі қолдауымен өткізілетін шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың баспасөз хатшылары, жас редакторлар мен журналистер және студент-жастар қатысатын болады.

Семинар-тренинг дәріскері: "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ директорының орынбасары, танымал журналист Оксана Лоскутова.

Оқыту семинарының тақырыбы: 

«Теледидар жастар мәдениетін қалыптастыру құралы ретінде. Балалармен сұхбат, балалар жайлы ақпаратты дайындау қағидалары».

Тренингте қарастырылатын негізгі мәселелер:

-жастармен (балалармен) жұмыс істеудегі теледидардың ерекшеліктері мен сипаттамалары;

- теледидардағы балалар имиджі;

- бұқаралық ақпарат құралдарында балаларды пайдалану;

- балалар туралы ақпарат жинау және оларды өңдеу;

- балалар және жасөспірімдермен оң байланыс орнату;

- бұқаралық ақпарат құралдарында жиналған ақпаратты жарыққа шығарудың  этикалық қағидалары.

«Жас журналистер клубы» жобасы осы жылы 5 семинар-тренингті өткізуді жоспарланған, ол бір айда 1 немесе 2 рет өткізіледі.

Семинар-тренинг оқыту нәтижесінде 70% бағдарламасын игерген қатысушылар аттестациялық тестілеуден өтіп, «Жас журналистер клубының» арнайы сертификатқа ие болады.

Іс-шара ұйымдастырушылары: «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы және БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) ҚР өкілеттілігі.

Семинар-тренингке қатысуға ниет білдірушілерді This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды адресіне немесе 8 (7172) 76 93 49, сот. +7 747 9260 260 телефон нөмірлер арқылы байланысуға болады. Қатысу тегін!

Өтетін уақыты: 8 ақпан 2018 жыл, сағат 19:00.

Қатысушыларды тіркеу: сағат 18:30-19:00.

Мекен-жай: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 41, «Silk Way» бизнес-орталығы, 6 қабат, конференц-зал.

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00