ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Оралов Асхат Раздықұлы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен танысты.

DSC 0046 702x468

Кездесу барысында Орталықтың Жастар саясаты департаментімен бірлесе әзірленетін маңызды стратегиялық жоспарлары, республикалық жастар орталықтарымен әріптестік пен қарым-қатынасы, сонымен қатар Орталықтың 2018 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

«Жастар» ҒЗО орталығының директоры Талғат Қалиев Орталық қызметінің басты бағыттарымен және атқарылып отырған жұмыстарымен таныстырды. 

DSC 0030 702x468

Естеріңізге сала кетейік, «Жастар» ҒЗО 2017 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қарауына берілген болатын.

 

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00