2017 жылдың 27 қыркүйегінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы негізінде «Жас журналистер клубының» балалар мен жастар құқықтарын қорғау тақырыптарын жариялаумен айналысатын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мамандарға арналған екінші оқыту семинар-тренингі өткізіледі.

20292942 1422063157841679 4470335874110447890 n

Семинар-тренингтер жұмысына қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, танымал қоғамдық, саяси қайраткерлер, медиа саланың белсенді тұлғалары, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) өкілеттілігі қатысады деп жоспарлануда.

Екінші семинар-тренингтің дәріскері: Шауметов Әлім Фазылжанұлы – «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ директоры.

Оқыту семинарының негізгі тақырыптары: ақпараттық жұмыстағы діни сұрақтар, БАҚ және ғаламторда материал жариялауда діни экстремизмді алдын алу, дін саласындағы тақырыптарда ақпарат жариялаудағы ашықтық.

Еске сала кетейік, «Жас журналистер клубын» жүргізу мақсаты бұқаралық ақпарат құралдарындағы балалар мен жастарға қатысты өткір, әлеуметтік маңызды мәселелерді жариялайтын жас журналистердің талдау және сыни ойлау дағдылары мен қабілеттерін, кәсіби мамандық деңгейін, журналистік этикалық қағидаттарын және құқықтық ережелерін, медиа сауаттылығын дамыту.

Клуб отырысы бір айда 1-2 рет оқыту іс-шаралары форматында 2018 жылдың ақпан айына дейін өткізіледі.

Семинар-тренинг жұмыстарының нәтижесінде 70% оқыту бағдарламасын игерген қатысушылар аттестациялық тестілеуден өтіп, «Жас журналистер клубын» өткендігін білдіретін сертификаттармен марапатталады.

Іс-шара ұйымдастырушылары: «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы және БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) ҚР өкілеттілігі.

Семинар-тренингке қатысуға ниет білдірушілерді This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды адресіне немесе 8 (7172) 27 81 59  телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Қатысу тегін.

Өтетін уақыты: 27 қыркүйек 2017 жыл, сағ. 19:00.

Қатысушыларды тіркеу: сағ. 18:30-19:00.

Мекен-жай: Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 41, «Silk Way» бизнес-орталығы, 6 қабат, конференц-зал.

 

 

 

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00