Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған кітапта таныстырылды.

20180412122327

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында ұйымдастырылған іс-шараға қоғам қайраткерлері, ғылыми гуманитарлық орталық қызметкерлері, оқытушылар, ЖОО жетекшілері мен студенттер ат салысты.

Жоба гуманитарлық білім мен мемлекеттік тілді дамытуды жетілдіруге бағытталған.

«Бүгін шығарылған кітаптармен қазақ тілді балалар таныс емес. Сондықтан, біріншіден біз қазақ тілін байытамыз, екіншіден, біз ары қарай білімімізді шыңдауымыз қажет. Соған байланысты біз осы жобаны талқылау үшін жиналдық», – деді Елбасы.

Философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, мәдениеттану, антропология мен журналистика салаларында 18 кітап аударылды.

20180412110014

Ұлттық аударма бюросының айтуынша, 18 аударылған кітаптың 16-сы ағылшын тілінен аударылса, қалған екеуінің бірі – француз, екіншісі – орыс тілдерінен аударылған.

Кітаптар Қазақстанның барлық мемлекеттік университеттеріне тегін берілетін болады. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап, ЖОО оқытушылары кітаптарды оқу бағдарламасында пайдалана бастайды. Кітаптардың электронды нұсқалары Ұлттық аударма бюросының сайтында жарияланады, кез келген адам қалаған кітабын тегін жүктеу мүмкіндігіне ие.

20180412105928

Ұлттық аударма бюросының мәлімдемесіне сәйкес, батыс философиясы, лингвистика, семиотика, жаңа педагогика, интернет психологиясы, халықаралық құқық, дипломатия, журналистика, өнер тарихы бойынша тағы 30 кітап аударылады. Одан бөлек, аударма барысындағы экономика мен кәсіпкерлік бойынша алты кітап (аударылған үш кітаппен бірге) отандық бизнес-мектептеріне қазақ тіліндегі MBA бағдарламасын әзірлеуге мүмкіндік береді.

DAA 1829

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев діни қызметті заңдық қадағалау мәселесімен айналысатын бірқатар ведомство өкілдерімен жиналыс өткізді.

Қ.Тоқаев еліміздегі діни бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың әріптестігі мен өзара іс-қимылы жоғары екендігін атап өтті. Әр түрлі діни сенім өкілдерінің өзара құрметі мен тағаттылық мәселелері Астана қаласында 10-11 қазанда өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезінде қарастырылады.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев іс-шара қатысушыларына елдегі діни ахуал мен діни қызмет туралы заңның кейбір аспектілеріне қатысты ақпарат берді.

Жиналыс нәтижелері бойынша нақты ұсыныстар әзірленеді.

ҚР Парламенті Сенатының

баспасөз қызметі

 

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының басты жұмыс бағдарларының бірі – өңірлік жастар ресурстық орталықтарының қызметін үйлестіру.

Сол мақсатта мемлекеттік жастар саясаты саласында жұмыс істейтін мамандар үшін іс-шаралар өткізіледі.

Солардың бірі – 26-30 наурыз аралығында Орталық қабырғасында өткен «Жастармен жұмысты ұйымдастыру: жоспарлау және мониторинг» тақырыбындағы республикалық семинар-тренинг.

Семинар-тренингтің мақсаты жастар саясаты саласындағы уәкілетті басқармалар қызметкерлерінің және облыстық маңызы бар қалалар және аудандар әкімдері орынбасарларының жастармен жұмысты жоспарлау, мониторинг және бағалау саласындағы біліктілігін арттыру және жергілікті жерлерде жастармен жұмыс тұрақтылығын арттыру болып табылады.

26 30

Семинарды жастармен жұмыс жасауға арналған Ұлттық тренерлер пулының сертификатталған тренерлері – Файзуллаев Данил, Камбалов Арсен және Узарова Луиза жүргізді.

Сондай-ақ, бөлек модульдерді өткізу барысында бірқатар спикерлермен кездесулер ұйымдастырылды. Солардың қатарында – «Жастар» ҒЗО директоры Талғат Қалиев, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев, «Рухани жаңғыру» кеңсесі қызметкерлерінің және танымал журналистер Қанат Әуесбай және Санди Султанның қатысуымен өткізілген кездесулерді атап өтуге болады.

Іс-шараның ақырғы күні қатысушыларды арнайы сертификаттармен марапаттау рәсімімен аяқталды.

Астанада "Нұр Отан" партиясы"Жас Отан" жастар қанатының төртінші съезі өз жұмысын бастады. Съезге республиканың түкпір-түкпірінен жастар ұйымдарының көшбасшылары, шығармашылық, ғылыми сала, сондай-ақ ауыл мен қала жастары келді. «Жас Отан» жастар қанаты еліміздің беделді жастарын жинаған күшке айналып отыр. Бүгінде «Жас Отан» қатарында 164 мың адам мүшелік етеді.

zhas otan

«Біз қалалардағы 37 бөлімшелерде, ауданның 171 бөлімшесінде, кәсіпорындар мен ЖОО-дың 230 бөлімінде қызмет атқарамыз.  «Жас Отанның» орталық кеңесі еліміздің 1,5 млн жуық жастарын қамтиды», - деп "Казконтент" АҚ басшысы Евгений Кочетов өз баяндамасын бастады.

zhas otan666

Еліміздің әрбір өңірінен келген делегаттар 2015 жылдан басталған жұмысты қорытындылап, алдағы жылдарға жаңа міндеттер қояды. Іс-шара бес секцияны қамтып, конгресс-орталықта, Ұлттық музейде, Назарбаев Университетінде өтеді. Съезге қатысушылар "Цифрлы Қазақстан", "Рухани жаңғыру" бағдарламаларын, заманауи білім, инновациялар мен денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді талқылайды.      

Шара "Біз әлемді өзгертеміз" тақырыбындағы гала форуммен 29 наурызда аяқталады. 


Дереккөз: inform.kz http://www.inform.kz/ru/iv-s-ezd-zhas-otan-startoval-v-astane_a3200743

ауесбай

Ағымдағы жылдың 27 наурызында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы негізінде «Жас журналистер клубының» балалар мен жастар құқықтарын қорғау тақырыптарын жариялаумен айналысатын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мамандарға арналған кезекті оқыту семинар-тренингі өткізілді.

Семинар-тренингтің дәріскері танымал журналист Қанат Әуесбай.

Семинар «Жастар және балалар құқықтарын қолдаудағы БАҚ-тың рөлі» тақырыбына арналды.

Тренинг барысында төмендегідей тақырыптар қозғалды:

- жастармен (балалармен) жұмыс істеудегі БАҚ-тың ерекшеліктері мен сипаттамалары;

- БАҚ-ғы балалар имиджі;

- бұқаралық ақпарат құралдарында жиналған ақпаратты жарыққа шығарудың этикалық қағидалары.

Шара соңында жас журналистер өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, спикерден мазмұнды да жан-жақты жауаптар алды. 


Семинар-тренинг оқыту нәтижесінде 70% бағдарламасын игерген қатысушылар аттестациялық тестілеуден өтіп, «Жас журналистер клубының» арнайы сертификатқа ие болады.

Іс-шара ұйымдастырушылары: «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы және БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) ҚР өкілеттілігі.

26-30 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы бастамасымен әзірленген «Жастармен жұмысты ұйымдастыру: жоспарлау және мониторинг» тақырыбы бойынша республикалық семинар-тренингі өткізілуде.

imgonline com ua Resize czAKDC7CeQkuaFM2

Семинар-тренингтің мақсаты жастар саясаты саласындағы уәкілетті басқармалар қызметкерлерінің және облыстық маңызы бар қалалар және аудандар әкімдері орынбасарларының жастармен жұмысты жоспарлау, мониторинг және бағалау саласындағы біліктілігін арттыру және жергілікті жерлерде жастармен жұмыс тұрақтылығын арттыру болып табылады.

Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясындағы семинар-тренинг сертификатталған Ұлттық тренерлер пулының тренерлерін тарту арқылы бейресми білім беру әдістемесі бойынша өтуде.

Оқудың негізгі әдістері – интерактивті дәрістер, кейстерді шешу, рөлдік ойындар, рефлексия, жағдайды үлгілеу, шағын топтарда жұмыс, брейн-штормдар.

Семинар-тренинг бағдарламасының негізіне 2015-2017 жылдары Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сынақтан өткен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) білім беру бағдарламасының үлгілері алынған.

Семинарды жастармен жұмыс жасауға арналған Ұлттық тренерлер пулының сертификатталған тренерлері – Файзуллаев Данил, Камбалов Арсен және Узарова Луиза жүргізеді. Сондай-ақ, бөлек модульдерді өткізу үшін қосымша арнайы дәріскерлер  шақыртылды.

Семинар-тренинг нәтижесінде, қатысушылар келесідей дағдыларды меңгереді:

- жастармен жұмыстың әдістемесін жоспарлау және оған мониторинг пен бағалау жүргізу бойынша теориялық ақпараттың қажетті көлемі мен белгілі тәжірибелік дағдыларын меңгеру;

- тәжірибелік қызметте алынған ақпаратты дұрыс қолдана алу;

- жастармен жұмысты жоспарлай алу, бақылау және бағалаудың қажетті құралдарын білу.

rsz 1dsc 0549

Жұмыс уақыты аяқталуға жақын. Әдетте бұл уақытта кез келген ұйымның ішкі тіршілігі саябырсып, жұмыс атмосферасы бірқалыпты болуы керекті. Алайда айналаға көз жүгіртсеңіз, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында апыр-топыр тіршілік үдемесе, бәсеңдер емес.

Орталық өткізетін іс-шаралардың ішінде «Жас журналистер клубының» отырыстары ерекше орын алады. Әрбір семинарда қоғамның өзекті тақырыптары қарастырылып, еліміздің атақты сөз шеберлері, журналистер, белгілі қоғам қайраткерлері дәріскер ретінде тренингті жүргізеді.

Кезекті семинардың спикері белгілі қоғам қайраткері – Саясат Нұрбек. Кездесуге жас журналистермен қатар, Орталық қызметкерлері, студенттер, мемлекеттік орган өкілдері де келіп отыр. Барлығының бойыннан  табиғи қызығушылықтың, кеудесінен білімге деген талпыныстың лебі еседі.

Жетілер шамасы. Зал лық толы, есіктің сыртында үдей бастаған атмосфераны сезіп, жастардың көздері қоңырқай есікке қадалды. Бейне бір таңғажайып құбылысты тосып отырған адамдар секілді.

Сол кезде қоңырқай есік ашылып, сенімді қадаммен көптен күткен спикер Саясат Нұрбек те келді. Барлық спикерлер секілді аудиторияға жағымды әсер қалдыруға тырысқан Саясат Нұрбек баяндамасын шаблонды сөздермен емес, қарапайым өмірлік мысалдармен бастады.

Жастарға саяси реформалар, жасанды интелект, технологиялар, ми қызметінің ерекшеліктері жайлы ақпарат берумен қатар, жас журналистерге қажетті ақыл-кеңесімен де бөлісті.

Спикер батыстық және отандық журналистикаға салыстырмалы талдау жүргізе отырып, елдегі журналистиканың дамуына серпін беретін бірнеше факторларды атап өтті.

«Батыс журналистикасы мен отандық журналистиканың бірқатар айырмашылықтары бар. Біріншіден, бізде журналист барлық сала жайлы жазады. Мәселен, New York times-та жұмыс істейтін журналист өзі жақсы меңгерген бір салада колонкасын жүргізеді»,- деді спикер.

Ойын әрі қарай өрбіте отырып, Саясат Нұрбек журналистерге қажетті ақыл-кеңестермен бөлісті.

«Бірінші кезекте, белгілі бір салада маманданып, тек сол бағытта мақалалар жазу өте маңызды. Өздеріңіздің редакторларыңыз бен жетекшілеріңізді осы қағидамен жұмыс жасауға ақырындап үйретіңіз. Белгілі бір салада жақсы маман болу үшін көп кітап оқу, сарапшылармен кездесіп көкейіңіздегі сұрақтарды қысылмастан қою қажет.

Екіншіден, стилистикаға баса назар аударыңыз. Мысалы, қазір жаңа журналистер – блогерлер пайда болды. Байқасаңыз, әрбір блогердің өзінің қолтаңбасы, стилі бар.  Өзіңіздің қайталанбас стиліңізді қалыптастыруға тырысыңыз.

Үшіншіден, ұсақ нәрселерге мән беріңіз. Қызық, тартымды мақалалар немесе жанды баурайтын оқиғалар сөз саптау дұрыс, теңеулер толық, ұсақ нәрселер жан-жақты сипатталғанда ғана дүниеге келеді.

Төртіншіден, журналист тек «хайп» толқынында  болмауы тиіс. Шулы оқиғаларды жазуға барлығы құмар. Мүмкін атақ шығару үшін қолайлы шығар, бірақ «хайп серфингімен» айналысатын адамның журналистикадағы ғұмыры шолақ. Хайп көзге бірден түседі, есесіне оқиға да тез ұмытылады. Сондықтан, шулы мәтіннен гөрі өмірлік оқиғаларды жазу қоғамға көбірек пайдасын тигізеді.

Журналистикадағы ең басты нәрсе – шынайылық. Әрбір адам шынайы жазылған мәтін мен өтірік аралас қоспамен жазылған мәтінді айыра алады. Сол себепті, өзіңіз сенбейтін оқиғалар жайлы жазбаңыз. Сонда ғана сіз өз оқырманыңызды табасыз.

Қандай жағдай болмасын, бір-бірлеріңізді қолдаңыздар. «Журналистік этиканы» сақтау аса маңызды», -деп Саясат Нұрбек өз сөзін аяқтады.

Аудиторияда бейне бір өзгеріс пайда болған секілді. Жастардың жанары одан сайын жана түсіп, көкірегінде жарқын болашаққа деген үміт оянғаны анық.

Автор: Әсел Ибадуллаева

20170413161742

Қазақстандық жастардың миграциялық жай-күйі бойынша «Жастар» ҒЗО жасаған әлеуметтік зерттеу нәтижелері елде көші-қон жағдайы бірқалыпты екендігін көрсетті. Респонденттердің 51,3% Қазақстанда қалғысы келсе, қалған 33,8% өз елінде өмір сүре отырып, басқа мемлекетке уақытша барғысы келеді.

Респонденттердің 42% көшетін мемлекеттегі еңбекпен қамтылу ықтималдығын орташа деп бағалайды, ал әрбір үшінші адам жұмыспен қамтылу мүмкіндігін жоғары деп санайды.

Сұралғандардың шамамен 90% шет елде екі ай өмір сүрген. Жастардың шет мемлекетке қоныс аударуындағы басты себеп –  басқа ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне, мәдениетіне қызығушылық, ой-өрісін кеңейту. Сауалнамаға қатысқан жастардың жартысы көшуге кедергі келтіретін негізгі себеп ретінде «қаржылық мүмкіндіктің болмауын» атап көрсетті.

Қазақстандық жастардың басым бөлігі «Болашақ» бағдарламасы жайлы ғана біледі, ал қалған білім беру бағдарламаларынан бейхабар.

Жалпы, жастардың шет елде сапалы білім алып, жұмыс жасауында ешқандай қорқыныш жоқ. Қазіргі уақытта бұл жаһанданудың табиғи салдары. Мәселе кең ауқымда таралған жоқ, сондай-ақ зерттеуге сәйкес жас қазақстандықтар өзінің Отанын сүйеді және оған әрдайым қызмет етуге әзір.

Зерттеудің нәтижесінде, жастарға қатысты басты мәселе қызметке байланысты. Жастардың өмір сүру сапасына әсер ететін факторларға жұмыс өтілінің болмауы, төмен жалақы, жұмыс орнының аздығы жатады. Сол ретте, жастардың кәсіпкерлікке белсенділік таныту деңгейінің төмендігін атап өткен жөн. Мәселен, жиырма адамның біреуі ғана жеке кәсіппен айналысады.

Автор: Әсел Ибадуллаева

zannama

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қолданыстағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынғаны белгілі.

Министрлік құрылғалы бері нормативтік-құқықтық актілерге қатысты бірқатар жаңашылдықтар орын алды. 2017 жылдың тамыз айынан бастап қолданыстағы кодекстер мен заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу мәселесі қоғамдық талқылауға ұсынылып, сарапшылармен кездесулер өткізіліп, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кешенді түрде жүргізіліп келеді.

Қарастырылып отырған заңнама жобасы бойынша 12 заңнама актілеріне 53 толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.

Заңнамада «деструктивті діни ағым», «діни радикализм» ұғымдарына анықтама беріліп, деструктивті діни ағым қызметіне тыйым салу, дінге қатынасына қарамастан барлық азаматтардың құқықтарын қорғау, шет елде діни білім алуға шектеу салу, діни бірлестіктердің қаржылай қамтамасыз етілуінің тазалығын сақтау, халықты діни сауаттандыру, кәмелетке толмаған балаларға инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық шараларды қолдану секілді маңызды нормалар шетелдік тәжірибеге сүйене отырып ұсынылды.

Құжатта діни бірлестіктердің құқықтары айшықталып, діни ғибадат орнының ішкі тәртіптерін сақтау мәселесі құқықтық тұрғыдан реттелген. Мәселен, заңнамада «заңды діни қызметке кедергі келтіру, сол сияқты дінге көзқарасы себептері бойынша жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын бұзу немесе дінге сенушілердің және (немесе) дінге сенбеушілердің сезімдері мен қадір-қасиеттерін немесе құдайға құлшылық етуді, діни жоралар мен рәсімдерді  орындауды қорлау; қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылғылар мен орындарды бүлдіру; діни радикализмнің  көріністеріне жол беру, егер жоғарыда баяндалған барлық әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса – жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады».

Сонымен қатар, заңнамада деструктивті идеологиялық ағымның белгілеріне, қызметіне, қоғамдағы қандай да бір көріністеріне тыйым салу мәселесі басты назарға алынып отыр. Елбасы соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлде жат екендігін үнемі айтып отырады. Бұл ретте бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге, вакцинацияға, дінтанулық сараптамадан өтпеген материалдарды таратуға, деструктивті идеологияны насихаттауға қатысты заңнама талаптарын бұзу тиісті жауапкершілікті жүктейді.

Бүгінде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мемлекет пен дін арасындағы қатынастың жаңа моделін қалыптастыру бағытта аянбай еңбек етіп келеді. Бұл ретте ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізуді бір жүйеге келтіру аса маңызды.

Министрліктің кеңейтілген Алқа мәжілісінің отырысында министр Нұрлан Ермекбаев ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын дамыту үшін арнайы Жол картасын әзірлеп, дәріс берушілерді қайта даярлауды жүзеге асыратын дайындау орталығын құруды ұсынды.

Қазіргі таңда дін саласындағы мәселелелерді түсіндіру бойынша 249 өңірлік және 1 республикалық ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс істейді. Бір жылда 3000 дәріскер оқыту курстарын өтіп, өз біліктілігін арттырған. Жасалып отырған жұмыстар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасын жоғарылататыны айтпаса да белгілі.

Дін саласы мемлекет тарапынан реттеу мен бақылауды қажет етеді. Бұл бірінші кезекте құқықтық нормалармен, соның ішінде дін саласындағы заңмен, екіншіден халықтың діни сауаттылығын көтеру, үшіншіден, сапалы дінтанушы, теолог кадрларды даялау арқылы іске асуы тиіс.

Автор: Әсел Ибадуллаева 

06050505

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының  Zhas Talks пікір-талас алаңы – сарапшылар жиі бас қосатын орын.

Күні кеше Орталықта ҚР Дін істері және азаматтық қоғам бастамасымен «Президенттік 5 бастаманы» талқылау бойынша кездесу өтті.

Бейресми шараға Жастар саясаты департаменті директоры Асхат Оралов, Мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен, «Жастар» ҒЗО директоры Талғат Қалиев, Астана қалалық мәслихатының депутаттары, кәсіпкерлер – Илья Мещеряков пен Саят Батпенов, ЕҰУ Жастар бизнес-инкубаторының директоры Айболат Есентемиров, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері мен танымал кәсіпкерлер қатысты.

Жастардың қаладан ауылға қоныс аударып, кәсіпкерлікпен айналысу мәселесі кездесудің басты тақырыбына айналды.

Ауылда өз кәсібін дөңгелетіп жүрген жастар өздерінің табысқа жету тарихымен бөлісіп, аудиторияға жағымды әсер қалдырды.

Соның ішінде жас фермер Дмитрий Корепановтың оқиғасы айтуға тұрарлық. Павлодар қаласынан Черноярка ауылына қоныс аударған жас кәсіпкер мемлекеттік несиелендіруді алып, қазіргі уақытта шаруашылықпен айналысып келеді.

Кәсіпкердің айтуынша, ауыл өмірінен жырақ қалада өскендіктен, әр уақытта ауылдық жерде тұрып, қызмет атқарғысы келген. Арманы орындалып, Черноярка ауылында жеке кәсібін ашып, мал шаруашылығымен айналыса бастаған. Нәтижесінде, Дмитрий Корепанов Қазақстанды шет елде танытып жүр.

Сонымен қатар, жас кәсіпкер ауылдардағы кадр тапшылығын айтып, жас адамдарды ауылды бірге көркейтуге үндеу салды.

Автор: Әсел Ибадуллаева

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00