Көп ұзамай мыңдаған түлектер алтын ұяларымен қоштасады. Олардың əрқайсысы мамандық таңдау үстінде. Осыған орай, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры кəсіби бағдарлау іс-шаралар легін қолға алды. Қаламыздың 8 ауданын түгел қамту жоспарда бар. Көп ұзамай мыңдаған түлектер алтын ұяларымен қоштасады. Олардың əрқайсысы мамандық таңдау үстінде. Осыған орай, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры кəсіби бағдарлау іс-шаралар легін қолға алды. Қаламыздың 8 ауданын түгел қамту жоспарда бар. 

IMG 20180516 WA0002 copy

15 мамыр күні Қазақстан жазушыларының кітапханасында "Дұрыс таңдау жаса!" атты алғашқы кəсіби бағдар семинары өтті. Іс-шараның басты қонақтары - Əуезов ауданы мектептерінің жоғары сынып түлектері. Семинар модераторы əрі Жастар ресурстық орталығының психологы Алима Алиева жастар үшін арнайы кəсіби бағдар тестілеу жүйесін əзірледі. Оның нəтижесінде əр баланың белгілі бір мамандыққа икемі анықталды. Əңгімені Yuframe вайнерлер тобының жоба менеджері Елнұр жəне юристі Əділбек əрі қарай өрбітіп, мамандық таңдауда қателеспеудің жолдарын жəне жеке тəжірибелерін айтып өтті. Кездесудің тағы бір қонағы - Алматы көпсалалы коллежді директорының орынбасары Нүсіпжанова Жаңыл Темірханқызы мектеп түлектеріне коллеждегі білім жəне ондағы мамандықтар туралы арнайы презентациясын көрсетті. Сонымен қатар, Яхьярова Сабина Махмутжановна алдағы Профест жайлы айтып, онда түлектер қаладағы ЖОО жөнінде қажетті ақпарат ала алатынын ескертті. Экономика жəне басқару Еуразиялық инновациялық академиясының Қаржы-экономикалық колледжі студенттері викторина түрінде "Туризм", "Есеп жəне аудит", "Маркетинг" мамандықтарын таныстырды. Ұйымдастырушылар еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарға да шолу жасап өтті. "Шұғыла" аула клубының жетекшісі Диас Сейдуəлиев "Дұрыс таңдау жаса!" атты кітап көрмесіндегі кəсіби əдебиетпен таныстырды. Сөз соңында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Алма Ауғанбаева түлектерге сəт сапар тіледі.

IMG 20180516 WA0005 copy

IMG 20180516 WA0007 copy

IMG 20180516 WA0010 copy

IMG 20180516 WA0016 copy

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00