Ағымдағы мамыр айының 14 жұлдызында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту Мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен Depo evolution Park орталығының коворкингінде "Өз мүмкіншіліктеріңмен қабілетіңді сан қырынан ашу " атты тақырыпта тренинг-семинар өтті. Семинарға Алматы қаласы Алмалы ауданының пробация бойынша қызмет бөлімшесінде тіркеуде тұрған азаматтары қатысты. Іс-шара барысында əр қатысушы қонақ өз мүмкіндіктерімен шығармашылық қабілеттерін сан қырынан ашып , əрі көшбасшылық қасиеттерін психологиялық жаттығулар арқылы жетілдіріп дамытты. Сонымен қатар тренинг қатысушылары семинар барысында өткен түрлі пікір таластармен жаттығу ойындарына белсенді ат салысты. Қорытындылай келе əрбір қатысушы өз алдына мол тəжірибе алып, дүниетанымдық көзқарастарын тереңдетті.

IMG 20180515 WA0004 copy

IMG 20180515 WA0005 copy

IMG 20180515 WA0001

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00