Ұлы Отан Соғысы. Сұрапыл зұлматтың кеңес одағымен қатар, қазақ халқына да салған ауыртпалығы орасан зор еді. Осындай қиын қыстауда ұлт намысымен, мүддесін ойлайтын батыр азаматтар дүниеге келді . Қайсарлық мінезі қанында бар қазақ, қанды майданда ерлікпен шайқасып, жанын беріп еркіндігін алды. Олар Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев,Талғат Бигелдинов сияқты тағыда басқа даңқты батырлар. Азаттық жолында күрескен бабаларымыздың ерліктері ел жадында мəңгілік сақталары анық. Себебі ол ұлы Отан үшін, ұрпақ үшін жан кешкен ұлы жеңіске бастаған жол болатын. Ұлы Отан Соғысы. Сұрапыл зұлматтың кеңес одағымен қатар, қазақ халқына да салған ауыртпалығы орасан зор еді. Осындай қиын қыстауда ұлт намысымен, мүддесін ойлайтын батыр азаматтар дүниеге келді . Қайсарлық мінезі қанында бар қазақ, қанды майданда ерлікпен шайқасып, жанын беріп еркіндігін алды. Олар Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев,Талғат Бигелдинов сияқты тағыда басқа даңқты батырлар. Азаттық жолында күрескен бабаларымыздың ерліктері ел жадында мəңгілік сақталары анық. Себебі ол ұлы Отан үшін, ұрпақ үшін жан кешкен ұлы жеңіске бастаған жол болатын. 
Осыған орай жыл сайынғы дəстүр бойынша Ұлы Жеңіс күнінің 73 жылдық қарсаңына, Алматы қаласының орталық Aрбатында (Жібек жолы көшесі) 8 мамыр күні сағат 14:00 шамасында, Жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен, Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры "Біз батырлар ұрпағымыз" атты тақырыпта бағдарламалық концерт өткізді. 
Атаулы іс-шара жастар арасындағы патриоттық сезімді арттыру мен отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Концерт барысында жеңіс күніне байланысты тақырыпта өлең топтамалары оқылып, көптеген би көріністері қойылып, адам жан дүниесін толғандыратын ескі мен жаңаның патриоттық əндері шырқалды. Мерекелік шараны тамашалауға жиылған қала тұрғындары кешегі өткен күн мен бүгінгі күннің арасындағы сабақтастықты тереңінен түсініп, рухани патриоттық тебіреніс алып қайтты.

IMG 20180508 WA0024 copy

IMG 20180508 WA0017

IMG 20180508 WA0026 copy

IMG 20180508 WA0033 copy

IMG 20180508 WA0037

IMG 20180508 WA0027 copy

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00