Биыл Ұлы Жеңіске 73 жыл. Осы киелі мейрам еліміздің барлық ұрпақтарын біріктіреді жəне фашизмге қарсы кеңес халқының табандылығы мен ерлігінің рəмізі болып мəңгілік қала береді.Биыл Ұлы Жеңіске 73 жыл. Осы киелі мейрам еліміздің барлық ұрпақтарын біріктіреді жəне фашизмге қарсы кеңес халқының табандылығы мен ерлігінің рəмізі болып мəңгілік қала береді.Қазіргі таңда Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының 387 ардагері тұрады. Жеңіс күніне орай, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ҰОС, тыл жəне еңбек ардагерлеріне қамқорлық таныту, жан-жақты көмек қолын созу мақсатында "Қарттарым - асыл қазынам" атты жастар акциясын бастады. Аталған акцияның мақсаты сұрапыл соғыстың куəсі болған ата, əжелеріміздің үйлеріне барып қажеттіліктерін өтеу болып табылады.Бұл іс-шараға Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұжымы мен қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.Азық-түлік пен сыйлықтарын алып жастар Петр Харин, Екатерина Гуляева жəне Татьяна Пирожкованың шаңырақтарына барды. Олар ардагерлердің үйін жинастырып, бау-бақшаларында тазарту жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде ардагерлеріміз жастармен соғыс естеліктерімен, қатарластарының ерліктерімен бөлісті.- Біздің қатарымыз жыл сайын азаюда. Жастардың осылай аталарын ұмытпай, келіп көмектесіп, көңілімізді сұрап кететіні қуантады, - дейді Петр Кондратьевич.Еске сала кетейік, биыл "Жасыл ел" жобасы аясында жаз бойы еңбек жасақтары ардагерлер мен қарттар үйлеріне арнайы ат басын бұрып, аула тазарту, абаттандыру жұмыстарын атқаратын болады.

 

IMG 20180505 WA0008 copy

IMG 20180505 WA0003 copy

IMG 20180505 WA0005 copy

IMG 20180505 WA0014 copy

IMG 20180505 WA0015 copy

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00