Мамыр айының алғашқы күні Қазақстан Республикасында "Бірлік күніне" арналған. Бұл бейбітшілік пен татулық мерекесі 150-ден астам ұлт өкілдері тұратын еліміз үшін керек-ақ. Мамыр айының алғашқы күні Қазақстан Республикасында "Бірлік күніне" арналған. Бұл бейбітшілік пен татулық мерекесі 150-ден астам ұлт өкілдері тұратын еліміз үшін керек-ақ. Этноаралық қатынастарды жақсарту, жастарды толеранттылыққа шақыру мақсатында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Жастар саясаты мəселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен "MEGA Park" ОСО-ның жазғы сахнасында қаламыздағы Демалыс орталықтарының арасында "Қазақстан халықтарының бірлігі күні" фестивалін өткізді. Жеребьевка нəтижесінде əр ұлтты 4 Демалыс орталығы таныстырды. Фестиваль 2 номинацияда өтті:1. Шығармашылық бөлім - ұлттық киім үлгісі, би, əн өнері жəне салт-дəстүрмен таныстыру;2. Ұлттық тағамдармен таныстыру.
Байқаудан бөлек көрермендер мен қонақтар үшін жас өнерпаздар əн айтып, би биледі. Ал топтардың еңбегіне əділ қазылар алқасы бағаларын беріп, келесі жеңімпаздарды анықтады:1 орын - Украин халқы (Өрнек, Темірлан, Дорожник, Киров)2 орын - Кəріс халқы (Достық, Дəлел, ЖасАрт, ГТО)3 орын - Өзбек халқы (Жас Ұлан, Сталкер, Қазақ күресі, Элегант).Барлық жеңімпаздар арнайы мадақтама қағаздары жəне сыйлықтармен марапатталды.

 

IMG 20180501 WA0035

IMG 20180501 WA0009

IMG 20180501 WA0020

IMG 20180501 WA0023

IMG 20180501 WA0004

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00