Depo Evolution Park аумағында 29 сəуір күні Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры "Жастар буккроссингі" жобасы аясында "Еркін кітап сөресін" жəне Capture School фото мектебімен бірлесе отырып "Фотосушка. Көктем" атты фотокөрме ашты. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты мəселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен өтті.

Буккроссинг - əлемдік саяхатшы кітаптар кітапханасы. Кезекті кітабын оқып бітіре сала, адам оны қоғамдық жерлерде қалдырып кетеді. Ол жерден оны келесі оқырман алады. Бұл оқырман да кітапты "тауысқан" соң оның саяхатын ары қарай жалғастырады. "Сушка" - əр түрлі санаттағы фотографтардың басын қосатын бірден-бір көрме. Бұл əуесқой, кəсіби деңгейде түсіретін фотографтар үшін еркін пікір алаңы болып табылады. Түпкі мақсаты бойынша бұл екі шара бір-біріне ұқсас болғандықтан, ұйымдастырушылар кітапсүйер қауымға да, фото өнерін жоғары бағалайтын талғампаздарға да мереке сыйлауды жөн көрді.

Бұған дейін Алматыда қордың ұйымдастыруымен 28 Панфиловшілер саябағында жəне "Байқоңыр" метро бекетінде ашық кітап сөрелері қойылған болатын. Олар əлі күнге дейін қала тұрғындарын сүйсіндіріп келеді. Биыл ұйымдастырушылар іс-шара локациясын ұтымды пайдалануды ұйғарды: трамвайлар ішінде жіптер тартылып, оларға түрлі жанрдағы кітаптар ілінді. Сонымен қатар, қаламыздың брендбугі іспеттес кітап сөресі қойылды. Қонақтар қалаған кітабын алып, трамвай ішінде отырып оқуға мүмкіндік алды. Ал далада тартылған жіптерде көздің жауын алатын фотосуреттер ілінді. Олардың арасында байқау өтіп, келесі жеңімпаздар анықталды:
1 орын - Эдуард Антоненко
2 орын - Десакулов Руслан
3 орын - Камилям Исаева
«Пленкадағы фотосурет» жанрында жеңген - Эдуард Антоненко

Аталған іс-шараларға қызыққан адамдар саны 300 ден асса, фотокөрмеде жалпы 200 қатысушы бақ сынап, 600 жұмыс көрсетілді. Келесі жылы жаңа рекордтар орнайтынына сенімдіміз.

IMG 20180429 WA0030 copy

IMG 20180429 WA0002 copy

IMG 20180429 WA0008 copy

IMG 20180429 WA0004 copy

IMG 20180429 WA0027 copy

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00