Сəуірдің 28 күні Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры (ЖСДМҚ) "Динамо" стадионының алаңында аудандық Пробация қызметі бөлімдерінің жастар құрамалары арасында мини-футболдан турнир өткізді.

Кез келген адамға жаңа өмірге бейімделу, жаңа таныстар табу, өзге социумға үйренісу оңайға соқпайтыны белгілі. Бұндай қиындықтар өмірге деген көзқарасы əлі қалыптасып үлгермеген жастар арасында көптеп кездеседі.

ЖСДМҚ деструктивті жастар қатарына жататын жастарды салауатты өмір салтына баулу, қаланың мəдени-спорттық өміріне белсене араласуы мақсатында мини-футболдан турнир өткізуі қиын өмірлік жағдайға тап болған жастарды бір сəт те болса сергіткеніне сенімдіміз. Турнир кестесі бойынша үздік үштік анықталды:
І орын - Алатау ауданының пробация қызметі құрамасы;
ІІ орын - Алмалы ауданының пробация қызметі құрамасы;
ІІІ орын - Бостандық ауданының пробация қызметі құрамасы.
Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы кубоктар, мадақтама қағаздары жəне естелік сыйлақтар берілді.

Біздің қор əр түрлі санаттағы жастармен көпвекторлы жұмыс жүргізеді. Алматы қаласы пробация қызметі мен ЖСДМҚ арасындағы Меморандумға сəйкес, "Жастар ресурстық орталығы" жобасы аясында қиын жағдайға тап болған жастармен тұрақты түрде психолог жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Оларға жаңа өмірге бейімделуге көмек қолы созылып, психологиялық кеңес беріледі.

IMG 20180428 WA0021 copy

IMG 20180428 WA0034 copy

IMG 20180428 WA0030 copy

IMG 20180428 WA0037 copy

 

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00