21 сәуір күні Алматы қаласында жалпықалалық сенбілік өтті. Қала тұрғындары , жастары және мекемелер де бірлікті ту етіп, "Баум" тоғайын қоқыстан тазалады. Тазалық жаршысы болып, қоғамға серпіліс берген іс-шарадан Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының қызметкерлері мен ерікті жастары да тыс қалмады. Сонымен қатар, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорына қарасты "Жасыл Ел" сарбаздары алғашқы жұмыс күнін осы сенбіліктен бастап, тазалықтың озық үлгісін көрсетті. Жаздық маусымда қала тазалығы, экологиясы үшін қызмет атқаратын жалынды жастар бұл сенбілікте ықыласпен еңбектенді. Қала жастары тазалықтың жаршысы бола білді.

IMG 20180421 WA0008 copy

IMG 20180421 WA0001 copy

IMG 20180421 WA0012 copy

IMG 20180421 WA0005 copy

IMG 20180421 WA0003 copy

IMG 20180421 WA0009 copy

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00