19 сəуір күні Алатау ауданында "Элегант" Демалыс орталығының жетекшісі, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның "Драма театры режиссеры" мамандығы бойынша түлегі - Ринат Уалиевтің актерлік шеберлік бойынша жеке сабағы өтті. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты мəселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен өтті. Дəріс барысында қатысушылар актер болу үшін қандай қасиеттер маңызды, оларды қалай дамытуға болатыны туралы білді, сонымен қатар, есте сақтау жəне визуалды қабылдау қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулар жасады. Импровизациялық этюдке қатысып, көңіл көтерді. Арнайы шеберлік сыныбына балалар мен ересектер де келіп, актерлік батылдыққа, зейін мен импровизацияға, ептілікке арналған жаттығулар жасауға, ырғақ сезімін дамытуға мүмкіндік алды.

IMG 20180419 WA0012 copy

IMG 20180419 WA0009 copy

IMG 20180419 WA0015 copyIMG 20180419 WA0006 copy

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00