Қазақстанның әрбір аймағында, әр қаласында, ауылында, адамның туған еліне деген қызығушылық пен құштарлығын, оның патриоттық сезімдерін және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыратын, жеріміздің табиғи ерекшеліктері, тарихы мен мәдениетінің өзіне тән сипаты бар. Өлкетану экспедицияларының негізгі мән-мағынасы бұл – туған өлкені жақсырақ тану, оның табиғатының ерекшеліктерін, ел тарихы мен табиғаттың байланысын тереңірек ұғыну, қалыптастыру қызметіне қатысу, өзінің қабілеттерін дамыту болып табылады. Осы мақсатта, Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен Аула клубтарына қатысатын жастар мен жасөспірімдерге арналған өлкетану экспедициялары өткізілуде. 18 сәуір күні аула клубтарының жастары қаламыздың тарихи әрі құпиялы құндылықтарының бірі - Боралдай сақ қорғандарына бару мүмкінгі туды. Бұл сақ қорғандары - Алматы аумағында ерте темір ғасырынан сақталған жалғыз ескерткіш. Ол қаланың Алатау ауданында, Үлкен Алматы мен Боралдай өзендерінің арасында, әуежайға жақын жерде орналасқан. Мұнда көне қорым бар, оның тарихы екі жарым мың жылдан асып жығылады. Таңертеңгі сағат 9.00-де жиналған жастар мен Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының қызметкерлері дөптеген жерге жетіп, көне жәдігерлермен танысты. Экскурсия жүргізген гидтер қонақтарды өлке тарихымен таныстырды. Бұл, өсіп келе жатқан ұрпақтың туған елге деген махаббатын, бірігушілікті, бауырмалдылық пен жаупкершілікті, сонымен қатар командалық рухты дамытатын әрі қызықты іс-шараға жастар дән риза болды.

IMG 20180418 WA0021 copy

IMG 20180418 WA0022 copy

IMG 20180418 WA0026 copy

IMG 20180418 WA0027 copy

IMG 20180418 WA0030 copy

IMG 20180418 WA0033 copy

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00