Көктемнің шуақты күнінде, яғни бүгін, Ұлттық ғашықтар күні тойлануда. 2011 жылдан бері жастарымыз ұлттық болмысымызға сай, шынайы, кіршіксіз махаббатты дəріптейтін "Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу" күнін атап өтіп келеді. Көктемнің шуақты күнінде, яғни бүгін, Ұлттық ғашықтар күні тойлануда. 2011 жылдан бері жастарымыз ұлттық болмысымызға сай, шынайы, кіршіксіз махаббатты дəріптейтін "Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу" күнін атап өтіп келеді. Depo Evolution park аумағында атаулы күнде қала жастарының, ғашық жұптардың басын қосқан Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Алматы қаласы Жастар саясаты мəселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен мерекелік шара ұйымдастырды. Отбасы құндылықтары мен некенің беріктігін жастар арасында насихаттау мақсатында, мерекелік бағдарламада «Күміс» тойын атап өтіп жатқан жұпты АХАТ бөлімінің маманы құттықтап, арнайы неке куəлігін табыстады. Бір қызығы, Білəлов Дастан мен Əбішева Алмагүл 25 жыл бұрын 15 сəуірде шаңырақ көтерген екен. Ұйымдастырушылар оларға қаламыздың белгілі мейрамханаларының біріне кешкі асқа жолдама берді. - Бүгінгі мерекені жастармен бірге тойлап жатқанымызға қуаныштымыз. Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорына, мына мерекені қолдаған демеушілерге отбасымызбен алғыс айтамыз. Ғашықтардың махаббаттары баянды болсын, сонда олардың отбасыларының шаңырағы биік, іргетасы берік болады.Мерекеге келген ғашық жұптар сайыстарға қатысып, демеушілер тарапынан сыйлықтар ұтып алды. Басқалардан топ жарып шыққан үш жұп танымал мейрамханаларға, атап айтқанда: Жанымхан жəне Динара "Primavera" мейрамханасына, Аружан жəне Асыл "Noodles", ал Серік пен Аружан "Mamma Mia" мейрамханасына кешкі асқа жолдама алды. Ұйымдастырушылар қонақтарды заманауи музыка, қан қыздырар шығармашылық номерлермен қуантты. Көңілді кештің соңында көрермендер «Almaty Music» театр орталығының «Махаббат аллеясы» атты мюзиклын тамашалады. Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры мерекелік шараға демеу көрсеткен «Kinopark» кинотеатрлар желісінің, М.Әуезов атындағы Драма театрының басшылығына, «Mamma Mia», «PRIMAVERA», «Noodles» және «Ozyurt» мейрамханаларының əкімшілігіне алғыс білдіреді.

IMG 20180415 WA0012 copy

IMG 20180415 WA0018 copy

IMG 20180415 WA0019 copy

IMG 20180415 WA0021 copy

IMG 20180415 WA0025 copy

IMG 20180415 WA0029 copy

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00