Ұрпақтар сабақтастығыҰрпақтар сабақтастығыҚаламызда лофт орталық ашылғалы бері онда жастарды қолдауға бағытталған көптеген іс-шаралар өтіп келеді. Қазіргі таңда Depo Evolutiоn park креативті бастамалар алаңына айналды. Жыл басында қала əкімі Бауыржан Байбек халыққа есеп беру кезінде: "Алматылықтардың 12% - 60 жастан асқан адамдар. Осы орайда біз жастарды қолдауға бағытталған Жол Картасы негізінде қарт адамдарға арналған Жол Картасын əзірлейміз. Бұл шара белсенді қарттық жəне ұрпақтар сабақтастығы үшін жағдай жасауды көздейді" деген болатын. Жастарымыз бұл тың идеяны іске асыруға қазірден бастап білек сыбана кірісті.14 сəуір күні Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры жасы үлкен қызметкерлер үшін "ПК-мен жұмыс істеу икемдері мен ақпараттық технологияларды оқыту" тақырыбында тренинг өткізді. Жас лектор қаламыздағы Демалыс орталықтарының жетекшілері мен педагогтарына Windows-пен жұмыс істеудің ерекшеліктерін айшықтап берді.Басты назар Excel кестелерін əзірлеу, оны дұрыс толтыру, формулаларын ұтымды қолдану жəне Power Point бағдарламасы арқылы презентацияларды өңдеуге аударылды. Сондай-ақ, əлеуметтік желілерді қолдану, оның қыр-сырлары туралы көп ақпарат айтылды.Тренинг қатысушылары ноутбук арқылы практикалық тапсырмалар орындап, қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың жəне компьютерлік сауаттылықтың маңыздылы жөнінде көкейде жүрген сауалдарын қойып, ашық пікір-таласқа түсті.Тренинг соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды. Олардың сұрауы бойынша, бұндай шара дəстүрге айналады. Келесі тренинг мамыр айына жоспарланды.

IMG 20180414 WA0003 copy

IMG 20180414 WA0005 copy

IMG 20180414 WA0007 copy

IMG 20180414 WA0011 copy

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00