2018 жылғы 10 сәуірде Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен Демалыс орталықтарының басшылары мен педагогтарына арналған Алматы қалалық дәрігерлік әлеуметтік-сауықтыру наркологиялық орталығында "Нашақорлық пен шылым шегудің алдын алу" тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинар Демалыс орталықтары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және жасөспірімдермен жұмыс істеуде жаңа әдістерді үйрету мақсатында өткізілді.
Семинар барысында қызметкерлерді оқыту, жастар арасында нашақорлық, қылмыстың туындауы себептерімен таныстыру секілді шаралар қабылданды. Бұндай семинардың маңыздылығы жоғары, себебі, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстайтын жастарымыздың арасында салауатты Өмір салтын насихаттайды, дені сау тұлға қалыптасуына ықпал болады. Сондай-ақ семинар қатысушыларына заманауи есірткі түрлері , энергетикалық сусындардың зияны жайлы бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шара барысында кез-келген қатысушы сана толғандыратын сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауап алды.
Семинар соңында барлығына біліктілігін арттырғаны жөнінде сертификат тапсырылды.

 

IMG 20180411 WA0006 копия

IMG 20180411 WA0008 копия

IMG 20180411 WA0010 копия

IMG 20180411 WA0004 копия

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00