2018 жылдың 6 сəуірі күні Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры "Астана қаласына 20 жыл" толуына жəне Наурыз мерекесіне орай "Тоғызқұмалақ" турнирін ұйымдастырды.

IMG 20180406 WA0010

Жастар мен жасөспірімдерге патриоттық тəрбиені сіңіре отырып, Ұлттық спортымызды дамытуға үлес қосып, жастар арасында Тоғызқұмалақ ойынының насихатталуына, кең таралуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылып отырған турнирге 100-ге жуық жас азаматтар қатысты. Сайыс жекелей есепте, блиц түрінде, жас ерекшеліктері (12, 14, 16 жоғары) бойынша ұлдар мен қыздар арасында өтті.

IMG 20180406 WA0009

Төрешілер құрамында Алматы қаласы "Тоғызқұмалақ" федерациясының кəсіби мамандары қызмет атқарды. Жеңімпаздарды анықтау Қазақстан Республикасы Спорт жəне дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ қауымдастығы бекіткен ережелерге сəйкес жүргізілді.

IMG 20180406 WA0011

Сайыс жеңімпаздары:

12 жастан жоғары (ұлдар):

1 орын - Құрмаш Əділет

2 орын - Абылхан Абылай

3 орын - Жарқынбек Жансерік


12 жастан жоғары (қыздар):

1 орын - Қайсар Əсел

2 орын - Мырзахмет Меруерт

3 орын - Жақсылық Ұлпан

IMG 20180406 WA0015

14 жастан жоғары (қыздар):

1 орын - Сауытбек Айдана

2 орын - Асанханова Амина

3 орын - Қуатқызы Меруерт


14 жастан жоғары (ұлдар):

1 орын - Нұрсұлтан Ердəулет

2 орын - Құрмаш Берік

3 орын - Битілеу Темірлан

IMG 20180406 WA0014

16 жастан жоғары (ұлдар):

1 орын - Тұрлыгүл Амылхан

2 орын - Батыр Ернұр

3 орын - Амирайыл Абылай


16 жастан жоғары (қыздар):

1 орын - Мұратова Шынар

2 орын - Атабаева Жансая

3 орын - Седымбек Нұржамал

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00