2- сәуір күні сағат 11.00-де Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен, International Business Academy компаниясымен бірлесіп «Қаржыгер емес адамдарға арналған қаржы» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Тренингті белгілі бизнес тренер - Ягуткин Максим жүргізіп, қаржы саласындағы еңбектерімен бөлісті. Қатысушы жастар мен студенттер қаржыны жоспарлау, анализ жасау, тәуекелге бару тақырыптарында білімін жетілдіріп, шешімін таба алмай жүрген сұрақтарына жауап алды. Айтылған тақырыпты теория негізінде түсіндірген бизнес-тренер, практикалық жұмысқа да мән берді. Топтық ойындар арқылы жекелей дағдыны дамыту мақсатында жаңаша әдістер қолданылды. Семинарға қатысушы әр азамат Қаржы саласында білімін жетілдіріп, аз да болса тәлім алып қайтты.

IMG 20180402 WA0015

IMG 20180402 WA0013

IMG 20180402 WA0020

IMG 20180402 WA0017

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00