Қаламызда Жоғары оқу орындары арасында волейболдан турнир өтті. 30 наурызда Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында Алматы қаласы ЖОО-ның студенттік командалары  арасында волейболдан жарыс өтті. Қалалық Жастар саясаты мəселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының ұйымдастыруымен өткен тоспа доп додасында 21 команда бақ сынады. Турнирдің басты мақсаты жастарды спортпен шұғылдануына баулу, жаман əдеттерден тыю жəне волейбол ойынын насихаттау болып табылады. Бəсекеге толы аталмыш турнир күні бойына созылды. Нəтижесінде Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ -дың құрамасы жеңіс тұғырынан көрінді. Жарыс барысында бұл команда əдемі ойын өрнегін көрсетті. Ақжол Сағынғали (Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрамасы): - Бүгінгі турнирдің ұйымдастырушыларына командамыздың атынан алғыс айтамын. Жастарды қолдап, спортпен шұғылданып, бос уақытымызды тиімді өткізуге жағдай жасайтындары қуантады. Бұндай сайыстар жыл сайын өтсе керемет болар еді. Турнирдің екінші жəне үшінші орындарын Қазақ спорт жəне туризм академиясы жəне Satpayev University командалары өзара бөлісті.

IMG 20180331 WA0003

IMG 20180331 WA0005

IMG 20180331 WA0007

IMG 20180331 WA0009

IMG 20180331 WA0027

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00