2 наурыз күні сағат 18.00-де Depo Evolution Park ғимаратының Коворкинг орталығында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен жас суретші Екатерина Гузикованың "Жер жүзіне саяxат" атты сурет көрмесі өтті. Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының негізгі миссияларының бірі дарынды жастарды және жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау болғандықтан, Қор жас суретшінің өтінішін жерге қалдырмай, жан-жақты қолдау көрсетіп, аталған көрмені ұйымдастырды. Экспозицияға автордың соңғы 5 жылдағы әр түрлі тақырыптардағы, сан қырлы теxникамен дүниеге келген туындылары қойылды. Графика, акварельді бояу, Digital painting (сандық көркемсурет), digital art (сандық өнер) және аралас техника, көркем және графикалық жұмыстар сериясы көрермен назарына ұсынылды. Келушілерге арнайы жасалған бетперде таратылып, тосын сый ұсынылды. Суретшілер мен өнер адамдары көрме барысында пікір алмасып, барша келушілерге өнердің тазалығы мен құдіреттілігін түсіндіруге тырысты. Бұл көрме көптің есінде қалатыны сөзсіз.

2018 03 03 PHOTO 00000045

2018 03 03 PHOTO 00000044

2018 03 03 PHOTO 00000053

2018 03 03 PHOTO 00000050

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00