Қазақстанда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен 2016 жылдан бастап 1 наурыз "Алғыс айту күні" ретінде аталып өтуде. Айтулы мерекені Алматы жастары ерекше форматта атап өтті. Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры және Алматы энергетика және байланыс университеті кәсіподақ ұйымымен бірлесіп, Mega Park кешенінде «#ME_fest-АЛҒЫС АЙТУ!» концерттік бағдарламасын xалық назарына ұсынды. Адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынастың, достық пен маxаббаттың мөлдірлігін дәріптейтін мерекелік шара жастардың қызығушылығын оятты. Алматы жастары ата-бабаларымыздың кемеңгерлігі мен қонақжайлығына, қаншама ұлт пен ұлыстың басын қосқан Қазақ xалқының тариxы мен тұлғаларына басын иіп, жастар атынан алғыс айтты. Саxнадағы өнерпаздар шеберліктерін шыңдап, ән-жырларымен көрерменнің қошеметіне бөленді. Әншілер қатарында рэп орындаушы Алишер Бурханов, автор – орындаушы Lima Iskakova, boys band «TMG» және MC Segiz сияқты жастар арасында танымал орындаушылар қатысты. Көрермен мен қатысушыларды ұмытылмас сәттер мен мейірімді орта, достық, шығармашылық пен жаңашылдық таң қалдырып, керемет сезімге бөледі.

A67CndfDH Y

EHVMzk Sq6Y

GotLiB qmKo

nmTuRhW30Uk

ysD28PELiJI

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00