25 желтоқсан күні Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, Жастар ресурстық орталығы, Caspian academy компаниясымен бірлесіп Түркия мемлекетінде тәжірибе алмасудан өту мен жұмысқа орналасу бойынша презентация өткізді.

Шет мемлекеттерде тәжірибе алмасып, біліктілігін арттыру әр азамат үшін таптырмас мүмкіндік. 7 жыл көлемінде дәл осы қызмет түрін халыққа ұсынып келе жатқан  Caspian academy  компаниясы, бұл жолы студенттер мен қала жастарына қызықты, әрі пайдалы ақпарат берді. Компания директоры Мейірім Мұратбекқызы,  «Қонақ үй бизнесі», «Туризм», «Ресторан жұмысы» мамандығында білім алып жатқан қала жастары үшін тәжірибе алмасудың маңыздылығын түсіндірді. Жастарымыздың сабақтан немесе жұмыстан тыс уақытта, шет елдердегі Халықаралық стандарттарға сай қонақ үйлерде тәжірибеден өту арқылы, Халықаралық дәрежедегі сертификатқа ие болып, Қазақ еліне сапалы маман болып оралуы, біздің басты мақсатымыз деп атап көрсетті.  «Алған білімімізді жетілдіріп, шет елдің үздік мамандарымен тәжірибе алмасу арқылы, бәсекеге қабілетті маман боламыз»- деп, қатысушылар ой-пікірлерін білдіріп, асқан қызығушылықпен тарқасты.  

IMG 20171225 WA0032

IMG 20171225 WA0033

IMG 20171225 WA0036

IMG 20171225 WA0037

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00