Отбасы - адамзаттың өмірлік бақытының ядросы. Бұл Отбасы істері жөніндегі институт директоры Хавьер Эскрива Иварстың сөзі. 17 мамыр күні Қазақ мемлекеттік педагогикалық қыздар университетінің студенттері Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырған "Қазіргі жастар өміріндегі отбасы жəне махаббат" атты семинар-лекциясына қатысты. Семинарға Қазақстан жəне Орталық Азия отбасы институтының жастармен жұмыс бойынша жоба жетекшісі, психолог Эльмира Максутовна жетекшілік етті. Аудиториямен танысып болған соң, қатысушылар отбасы құндылықтары жайында сөз қозғап, махаббат жəне ғашықтық секілді сезімдер жайлы өз түсініктерін баяндады. Жастар лектормен бірігіп болашақ жұбайлардың арасында пайда болатын сезім, ара-қатынас дəрежелерін анықтап, алғашқы жылдардан бастап ерлі-зайыптыларды жақындастыра түсетін индикаторлады жіктеді. Сөз соңында қарым-қатынастың беріктігін айқындайтын ерекшеліктерге диагностика жасалды. Қатысушалырға арнайы сертификаттар табысталып, болашақта жар таңдауда қателеспеуге жəне отбасылық қатынасты күшейтудің жолдарын əрқашан іздеуге кеңес берілді.

IMG 20180518 WA0022 copy

IMG 20180518 WA0002 copy

IMG 20180518 WA0003 copy

IMG 20180518 WA0007 copy

IMG 20180518 WA0018 copy

 

16 мамырда сағат 11.00-де Алматы қаласы Орталық мешіті жанында "Мобильді жұмыспен қамту орталығы" жобасының аясында презентациялық алаң өз жұмысын бастады. Іс-шараны Алматы қаласы Жастар саясаты мəселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырды.16 мамырда сағат 11.00-де Алматы қаласы Орталық мешіті жанында "Мобильді жұмыспен қамту орталығы" жобасының аясында презентациялық алаң өз жұмысын бастады. Іс-шараны Алматы қаласы Жастар саясаты мəселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырды.Аталған шараға қалалық Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері келіп, жұмысқа орналасу бойынша тегін кеңес беру орталығын жүргізді. Мешіт маңайынан бөлек, еріктілер "Көк базар" жəне "Саяхат" автобекетінде сұранысқа ие мамандықтар тізімі бар бюллетеньдер таратты. Бұдан бөлек, "Срочно требуется" газеті де еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарының тізімін берді. Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры жұмысқа орналасуға көмектесу мақсатымен 300-ден астам адамнан сауалнама алып, оларды əлеуетті жұмыс берушілерге жеткізуді қолға алды. Сонымен қатар, "Мобильді жұмыспен қамту орталығы" акциясында Жастар ресурстық орталығының психологы арнайы кеңес беру орталығында келушілерге мамандық таңдау бойынша кеңестер берді. Ал басқа қызметкерлер сəтті түйіндеме жазу тәсілімен, жұмысқа тұруға қажетті құжаттарды тез жинау жолдарымен таныстырды.

IMG 20180516 WA0031 copy

IMG 20180516 WA0033 copy

IMG 20180516 WA0049 copy

IMG 20180516 WA0051 copy

IMG 20180516 WA0053 copy

Көп ұзамай мыңдаған түлектер алтын ұяларымен қоштасады. Олардың əрқайсысы мамандық таңдау үстінде. Осыған орай, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры кəсіби бағдарлау іс-шаралар легін қолға алды. Қаламыздың 8 ауданын түгел қамту жоспарда бар. Көп ұзамай мыңдаған түлектер алтын ұяларымен қоштасады. Олардың əрқайсысы мамандық таңдау үстінде. Осыған орай, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры кəсіби бағдарлау іс-шаралар легін қолға алды. Қаламыздың 8 ауданын түгел қамту жоспарда бар. 

IMG 20180516 WA0002 copy

15 мамыр күні Қазақстан жазушыларының кітапханасында "Дұрыс таңдау жаса!" атты алғашқы кəсіби бағдар семинары өтті. Іс-шараның басты қонақтары - Əуезов ауданы мектептерінің жоғары сынып түлектері. Семинар модераторы əрі Жастар ресурстық орталығының психологы Алима Алиева жастар үшін арнайы кəсіби бағдар тестілеу жүйесін əзірледі. Оның нəтижесінде əр баланың белгілі бір мамандыққа икемі анықталды. Əңгімені Yuframe вайнерлер тобының жоба менеджері Елнұр жəне юристі Əділбек əрі қарай өрбітіп, мамандық таңдауда қателеспеудің жолдарын жəне жеке тəжірибелерін айтып өтті. Кездесудің тағы бір қонағы - Алматы көпсалалы коллежді директорының орынбасары Нүсіпжанова Жаңыл Темірханқызы мектеп түлектеріне коллеждегі білім жəне ондағы мамандықтар туралы арнайы презентациясын көрсетті. Сонымен қатар, Яхьярова Сабина Махмутжановна алдағы Профест жайлы айтып, онда түлектер қаладағы ЖОО жөнінде қажетті ақпарат ала алатынын ескертті. Экономика жəне басқару Еуразиялық инновациялық академиясының Қаржы-экономикалық колледжі студенттері викторина түрінде "Туризм", "Есеп жəне аудит", "Маркетинг" мамандықтарын таныстырды. Ұйымдастырушылар еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарға да шолу жасап өтті. "Шұғыла" аула клубының жетекшісі Диас Сейдуəлиев "Дұрыс таңдау жаса!" атты кітап көрмесіндегі кəсіби əдебиетпен таныстырды. Сөз соңында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Алма Ауғанбаева түлектерге сəт сапар тіледі.

IMG 20180516 WA0005 copy

IMG 20180516 WA0007 copy

IMG 20180516 WA0010 copy

IMG 20180516 WA0016 copy

Ағымдағы мамыр айының 14 жұлдызында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту Мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен Depo evolution Park орталығының коворкингінде "Өз мүмкіншіліктеріңмен қабілетіңді сан қырынан ашу " атты тақырыпта тренинг-семинар өтті. Семинарға Алматы қаласы Алмалы ауданының пробация бойынша қызмет бөлімшесінде тіркеуде тұрған азаматтары қатысты. Іс-шара барысында əр қатысушы қонақ өз мүмкіндіктерімен шығармашылық қабілеттерін сан қырынан ашып , əрі көшбасшылық қасиеттерін психологиялық жаттығулар арқылы жетілдіріп дамытты. Сонымен қатар тренинг қатысушылары семинар барысында өткен түрлі пікір таластармен жаттығу ойындарына белсенді ат салысты. Қорытындылай келе əрбір қатысушы өз алдына мол тəжірибе алып, дүниетанымдық көзқарастарын тереңдетті.

IMG 20180515 WA0004 copy

IMG 20180515 WA0005 copy

IMG 20180515 WA0001

Ұлы Отан Соғысы. Сұрапыл зұлматтың кеңес одағымен қатар, қазақ халқына да салған ауыртпалығы орасан зор еді. Осындай қиын қыстауда ұлт намысымен, мүддесін ойлайтын батыр азаматтар дүниеге келді . Қайсарлық мінезі қанында бар қазақ, қанды майданда ерлікпен шайқасып, жанын беріп еркіндігін алды. Олар Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев,Талғат Бигелдинов сияқты тағыда басқа даңқты батырлар. Азаттық жолында күрескен бабаларымыздың ерліктері ел жадында мəңгілік сақталары анық. Себебі ол ұлы Отан үшін, ұрпақ үшін жан кешкен ұлы жеңіске бастаған жол болатын. Ұлы Отан Соғысы. Сұрапыл зұлматтың кеңес одағымен қатар, қазақ халқына да салған ауыртпалығы орасан зор еді. Осындай қиын қыстауда ұлт намысымен, мүддесін ойлайтын батыр азаматтар дүниеге келді . Қайсарлық мінезі қанында бар қазақ, қанды майданда ерлікпен шайқасып, жанын беріп еркіндігін алды. Олар Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев,Талғат Бигелдинов сияқты тағыда басқа даңқты батырлар. Азаттық жолында күрескен бабаларымыздың ерліктері ел жадында мəңгілік сақталары анық. Себебі ол ұлы Отан үшін, ұрпақ үшін жан кешкен ұлы жеңіске бастаған жол болатын. 
Осыған орай жыл сайынғы дəстүр бойынша Ұлы Жеңіс күнінің 73 жылдық қарсаңына, Алматы қаласының орталық Aрбатында (Жібек жолы көшесі) 8 мамыр күні сағат 14:00 шамасында, Жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен, Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры "Біз батырлар ұрпағымыз" атты тақырыпта бағдарламалық концерт өткізді. 
Атаулы іс-шара жастар арасындағы патриоттық сезімді арттыру мен отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Концерт барысында жеңіс күніне байланысты тақырыпта өлең топтамалары оқылып, көптеген би көріністері қойылып, адам жан дүниесін толғандыратын ескі мен жаңаның патриоттық əндері шырқалды. Мерекелік шараны тамашалауға жиылған қала тұрғындары кешегі өткен күн мен бүгінгі күннің арасындағы сабақтастықты тереңінен түсініп, рухани патриоттық тебіреніс алып қайтты.

IMG 20180508 WA0024 copy

IMG 20180508 WA0017

IMG 20180508 WA0026 copy

IMG 20180508 WA0033 copy

IMG 20180508 WA0037

IMG 20180508 WA0027 copy

Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры "Қарттарым - асыл қазынам" жастар акциясы аясында 5 мамыр күні "Атамұра" демалыс орталығында Ұлы Жеңіс күніне орай, "Ерлер ел есінде" атты мерекелік іс-шара өткізді.Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры "Қарттарым - асыл қазынам" жастар акциясы аясында 5 мамыр күні "Атамұра" демалыс орталығында Ұлы Жеңіс күніне орай, "Ерлер ел есінде" атты мерекелік іс-шара өткізді.Мерекелік бағдарлама барысында Демалыс орталығының шəкірттері жергілікті Ардагерлер кеңесін құттықтады. Келесі еңбек фронты ардагерлерінің үйлерін, ауласын тазартуға көмектесіп, қажеттіліктерін өтеді: Қариев Асқар (Іле ауд., Шұбаев к-сі 8/2), Маштайлер Клавдия (Мынбаев к-сі, 137),Адырбаева Бишан (Көк-Қайнар ы.а, Абай к-сі, 78), Паршуков Вячеслав (Көк-Қайнар ы.а., Заречная к-сі, 1), Груздева Федосия (Көк-Қайнар ы.а., Басарқобыс к-сі, 42). Жастар ардагерлерге арнайы концерттік бағдарламасын тарту етті. Іс-шара соңында ата, əжелерге естелік сыйлықтары табысталды.

IMG 20180505 WA0045

IMG 20180505 WA0047

IMG 20180505 WA0039

IMG 20180505 WA0044

Биыл Ұлы Жеңіске 73 жыл. Осы киелі мейрам еліміздің барлық ұрпақтарын біріктіреді жəне фашизмге қарсы кеңес халқының табандылығы мен ерлігінің рəмізі болып мəңгілік қала береді.Биыл Ұлы Жеңіске 73 жыл. Осы киелі мейрам еліміздің барлық ұрпақтарын біріктіреді жəне фашизмге қарсы кеңес халқының табандылығы мен ерлігінің рəмізі болып мəңгілік қала береді.Қазіргі таңда Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының 387 ардагері тұрады. Жеңіс күніне орай, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ҰОС, тыл жəне еңбек ардагерлеріне қамқорлық таныту, жан-жақты көмек қолын созу мақсатында "Қарттарым - асыл қазынам" атты жастар акциясын бастады. Аталған акцияның мақсаты сұрапыл соғыстың куəсі болған ата, əжелеріміздің үйлеріне барып қажеттіліктерін өтеу болып табылады.Бұл іс-шараға Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұжымы мен қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.Азық-түлік пен сыйлықтарын алып жастар Петр Харин, Екатерина Гуляева жəне Татьяна Пирожкованың шаңырақтарына барды. Олар ардагерлердің үйін жинастырып, бау-бақшаларында тазарту жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде ардагерлеріміз жастармен соғыс естеліктерімен, қатарластарының ерліктерімен бөлісті.- Біздің қатарымыз жыл сайын азаюда. Жастардың осылай аталарын ұмытпай, келіп көмектесіп, көңілімізді сұрап кететіні қуантады, - дейді Петр Кондратьевич.Еске сала кетейік, биыл "Жасыл ел" жобасы аясында жаз бойы еңбек жасақтары ардагерлер мен қарттар үйлеріне арнайы ат басын бұрып, аула тазарту, абаттандыру жұмыстарын атқаратын болады.

 

IMG 20180505 WA0008 copy

IMG 20180505 WA0003 copy

IMG 20180505 WA0005 copy

IMG 20180505 WA0014 copy

IMG 20180505 WA0015 copy

Мамыр айының алғашқы күні Қазақстан Республикасында "Бірлік күніне" арналған. Бұл бейбітшілік пен татулық мерекесі 150-ден астам ұлт өкілдері тұратын еліміз үшін керек-ақ. Мамыр айының алғашқы күні Қазақстан Республикасында "Бірлік күніне" арналған. Бұл бейбітшілік пен татулық мерекесі 150-ден астам ұлт өкілдері тұратын еліміз үшін керек-ақ. Этноаралық қатынастарды жақсарту, жастарды толеранттылыққа шақыру мақсатында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Жастар саясаты мəселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен "MEGA Park" ОСО-ның жазғы сахнасында қаламыздағы Демалыс орталықтарының арасында "Қазақстан халықтарының бірлігі күні" фестивалін өткізді. Жеребьевка нəтижесінде əр ұлтты 4 Демалыс орталығы таныстырды. Фестиваль 2 номинацияда өтті:1. Шығармашылық бөлім - ұлттық киім үлгісі, би, əн өнері жəне салт-дəстүрмен таныстыру;2. Ұлттық тағамдармен таныстыру.
Байқаудан бөлек көрермендер мен қонақтар үшін жас өнерпаздар əн айтып, би биледі. Ал топтардың еңбегіне əділ қазылар алқасы бағаларын беріп, келесі жеңімпаздарды анықтады:1 орын - Украин халқы (Өрнек, Темірлан, Дорожник, Киров)2 орын - Кəріс халқы (Достық, Дəлел, ЖасАрт, ГТО)3 орын - Өзбек халқы (Жас Ұлан, Сталкер, Қазақ күресі, Элегант).Барлық жеңімпаздар арнайы мадақтама қағаздары жəне сыйлықтармен марапатталды.

 

IMG 20180501 WA0035

IMG 20180501 WA0009

IMG 20180501 WA0020

IMG 20180501 WA0023

IMG 20180501 WA0004

Depo Evolution Park аумағында 29 сəуір күні Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры "Жастар буккроссингі" жобасы аясында "Еркін кітап сөресін" жəне Capture School фото мектебімен бірлесе отырып "Фотосушка. Көктем" атты фотокөрме ашты. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты мəселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен өтті.

Буккроссинг - əлемдік саяхатшы кітаптар кітапханасы. Кезекті кітабын оқып бітіре сала, адам оны қоғамдық жерлерде қалдырып кетеді. Ол жерден оны келесі оқырман алады. Бұл оқырман да кітапты "тауысқан" соң оның саяхатын ары қарай жалғастырады. "Сушка" - əр түрлі санаттағы фотографтардың басын қосатын бірден-бір көрме. Бұл əуесқой, кəсіби деңгейде түсіретін фотографтар үшін еркін пікір алаңы болып табылады. Түпкі мақсаты бойынша бұл екі шара бір-біріне ұқсас болғандықтан, ұйымдастырушылар кітапсүйер қауымға да, фото өнерін жоғары бағалайтын талғампаздарға да мереке сыйлауды жөн көрді.

Бұған дейін Алматыда қордың ұйымдастыруымен 28 Панфиловшілер саябағында жəне "Байқоңыр" метро бекетінде ашық кітап сөрелері қойылған болатын. Олар əлі күнге дейін қала тұрғындарын сүйсіндіріп келеді. Биыл ұйымдастырушылар іс-шара локациясын ұтымды пайдалануды ұйғарды: трамвайлар ішінде жіптер тартылып, оларға түрлі жанрдағы кітаптар ілінді. Сонымен қатар, қаламыздың брендбугі іспеттес кітап сөресі қойылды. Қонақтар қалаған кітабын алып, трамвай ішінде отырып оқуға мүмкіндік алды. Ал далада тартылған жіптерде көздің жауын алатын фотосуреттер ілінді. Олардың арасында байқау өтіп, келесі жеңімпаздар анықталды:
1 орын - Эдуард Антоненко
2 орын - Десакулов Руслан
3 орын - Камилям Исаева
«Пленкадағы фотосурет» жанрында жеңген - Эдуард Антоненко

Аталған іс-шараларға қызыққан адамдар саны 300 ден асса, фотокөрмеде жалпы 200 қатысушы бақ сынап, 600 жұмыс көрсетілді. Келесі жылы жаңа рекордтар орнайтынына сенімдіміз.

IMG 20180429 WA0030 copy

IMG 20180429 WA0002 copy

IMG 20180429 WA0008 copy

IMG 20180429 WA0004 copy

IMG 20180429 WA0027 copy

Сəуірдің 28 күні Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры (ЖСДМҚ) "Динамо" стадионының алаңында аудандық Пробация қызметі бөлімдерінің жастар құрамалары арасында мини-футболдан турнир өткізді.

Кез келген адамға жаңа өмірге бейімделу, жаңа таныстар табу, өзге социумға үйренісу оңайға соқпайтыны белгілі. Бұндай қиындықтар өмірге деген көзқарасы əлі қалыптасып үлгермеген жастар арасында көптеп кездеседі.

ЖСДМҚ деструктивті жастар қатарына жататын жастарды салауатты өмір салтына баулу, қаланың мəдени-спорттық өміріне белсене араласуы мақсатында мини-футболдан турнир өткізуі қиын өмірлік жағдайға тап болған жастарды бір сəт те болса сергіткеніне сенімдіміз. Турнир кестесі бойынша үздік үштік анықталды:
І орын - Алатау ауданының пробация қызметі құрамасы;
ІІ орын - Алмалы ауданының пробация қызметі құрамасы;
ІІІ орын - Бостандық ауданының пробация қызметі құрамасы.
Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы кубоктар, мадақтама қағаздары жəне естелік сыйлақтар берілді.

Біздің қор əр түрлі санаттағы жастармен көпвекторлы жұмыс жүргізеді. Алматы қаласы пробация қызметі мен ЖСДМҚ арасындағы Меморандумға сəйкес, "Жастар ресурстық орталығы" жобасы аясында қиын жағдайға тап болған жастармен тұрақты түрде психолог жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Оларға жаңа өмірге бейімделуге көмек қолы созылып, психологиялық кеңес беріледі.

IMG 20180428 WA0021 copy

IMG 20180428 WA0034 copy

IMG 20180428 WA0030 copy

IMG 20180428 WA0037 copy

 

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00