3-5 сәуір аралығында Ақмола облысында Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығына арналған «СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ-2018» жыл сайынғы облыстық талантты жастар фестивалі өтті.

Фестивальдің ұйымдастырушысы Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы болып табылады.

Фестивальдің мақсаты - облыстағы студенттік жастардың рухани мен мәдени әлеуетін сақтау және арттыру, жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымын, әлеуметтік жауапкершілігін, отансүйгіштік сезімін, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, мемлекеттік жастар саясаты саласындағы басымдықтар мен міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

Фестивальге 4 ЖОО-ның және 10 ТжКБ беру ұйымының студенттері, сондай-ақ облыстың 6 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны шамамен 700 адамды құрады.

3 сәуірде «Евразия» мейрамхана кешенінде «СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ-2018» фестивалінің салтанатты ашылуы мен бірінші байқауы «Что? Где? Когда?» атты зияткерлік ойыны өткізілді.

Байқаудың негізгі бағдарламасы 4-5 сәуір аралығында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында өтті.

5 сәуірде Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облысты

қ филармониясында «СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ-2018» фестивалінің салтанатты жабылуы және фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатысуымен гала-концерт өткізілді.

Байқаудың бағдарламасы 9 номинация бойынша жеке орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі нысанында өтті.

Әр номинацияда үш жүлделі орын анықталды.

Фестивальдің нәтижесі келесідей қорытындыланды:

«Эстрадалық ән айту» номинациясында 1 орынды – Көкшетау қ. жоғары колледжінің студенті Балтабаев Әділ, 2 орынды – А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Рудт Альбина, 3 орынды – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Серәлі Нұрболат иеленді.

 «Заманауи би» номинациясында 1 орынды – А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «M-dance»  тобы, 2 орынды – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Импульс» тобы, 3 орынды – Көкшетау қ. жоғары колледжінің «Блэк стар» тобы жеңіп алды.

 «Робототехника» номинациясында 1 орынды – Көкшетау қ. жоғары колледжінің командасы, 2 орынды – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің командасы, 3 орынды – Щучинск қ. жоғары колледжінің командасы алды.

 «Жүргізушілер» байқауының номинациясында 1 орынды – Көкшетау қ. жоғары колледжінің студенті Балтабаев Әділ, 2 орынды – А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Темірболат Бексұлтан, 3 орынды –Көкшетау техникалық институтының курсанты Серік Әділет иеленді.

 «Граффити» номинациясында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Жамалов Азизбек жеңіске жетті және оның көмекшілері: Қалымбеков Ілияс, Дычков Владислав; 2 орынды - Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Учкина Вероника алды және оның көмекшілері: Исабаева Динара, Қабеденова Әсел; 3 орынды – Көкшетау қ. жоғары колледжінің студенті Игенжанов Арман иеленді.

 «Vine» номинациясында 1 орынды – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Ботанов Арнай, 2 орынды – Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Далелхан Дастан, 3 орынды – Щучинск қ. жоғары колледжінің командасы жеңіп алды.

 «Что? Где? Когда?» номинациясында 1 орынды – Көкшетау қ. жоғары медицина колледжінің командасы, 2 орынды – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің командасы, ал 3 орынды – Көкшетау қ. ЖОО-ның «Микс» құрама командасы иеленді.

 «STUD VESNA — 2018» аруы» атағын Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Бапина Маржан иеленді.

 «STUD VESNA — 2018» бірінші вице-аруы – Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Исмаилова Айна, «STUD VESNA — 2018» екінші вице-аруы – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Әйгерім Анарбекқызы атанды.

 «Үздік жанкүйерлер командасы» номинациясында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің командасы жеңді.

Фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

_0QVvsM5uY4.jpghfMkbR1qMbQ.jpgXKWpf5plaJs.jpgU7AHw6G_4PU.jpgafBxrmALcYg.jpgU_fSfr95chA.jpggztwIeq_fi8.jpgY7aQJls4Yo4.jpg

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00