3-5 сәуір аралығында Ақмола облысында Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығына арналған «СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ-2018» жыл сайынғы облыстық талантты жастар фестивалі өтті.

Фестивальдің ұйымдастырушысы Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы болып табылады.

Фестивальдің мақсаты - облыстағы студенттік жастардың рухани мен мәдени әлеуетін сақтау және арттыру, жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымын, әлеуметтік жауапкершілігін, отансүйгіштік сезімін, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, мемлекеттік жастар саясаты саласындағы басымдықтар мен міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

Фестивальге 4 ЖОО-ның және 10 ТжКБ беру ұйымының студенттері, сондай-ақ облыстың 6 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны шамамен 700 адамды құрады.

3 сәуірде «Евразия» мейрамхана кешенінде «СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ-2018» фестивалінің салтанатты ашылуы мен бірінші байқауы «Что? Где? Когда?» атты зияткерлік ойыны өткізілді.

Байқаудың негізгі бағдарламасы 4-5 сәуір аралығында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында өтті.

5 сәуірде Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облысты

қ филармониясында «СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ-2018» фестивалінің салтанатты жабылуы және фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатысуымен гала-концерт өткізілді.

Байқаудың бағдарламасы 9 номинация бойынша жеке орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі нысанында өтті.

Әр номинацияда үш жүлделі орын анықталды.

Фестивальдің нәтижесі келесідей қорытындыланды:

«Эстрадалық ән айту» номинациясында 1 орынды – Көкшетау қ. жоғары колледжінің студенті Балтабаев Әділ, 2 орынды – А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Рудт Альбина, 3 орынды – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Серәлі Нұрболат иеленді.

 «Заманауи би» номинациясында 1 орынды – А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «M-dance»  тобы, 2 орынды – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Импульс» тобы, 3 орынды – Көкшетау қ. жоғары колледжінің «Блэк стар» тобы жеңіп алды.

 «Робототехника» номинациясында 1 орынды – Көкшетау қ. жоғары колледжінің командасы, 2 орынды – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің командасы, 3 орынды – Щучинск қ. жоғары колледжінің командасы алды.

 «Жүргізушілер» байқауының номинациясында 1 орынды – Көкшетау қ. жоғары колледжінің студенті Балтабаев Әділ, 2 орынды – А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Темірболат Бексұлтан, 3 орынды –Көкшетау техникалық институтының курсанты Серік Әділет иеленді.

 «Граффити» номинациясында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Жамалов Азизбек жеңіске жетті және оның көмекшілері: Қалымбеков Ілияс, Дычков Владислав; 2 орынды - Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Учкина Вероника алды және оның көмекшілері: Исабаева Динара, Қабеденова Әсел; 3 орынды – Көкшетау қ. жоғары колледжінің студенті Игенжанов Арман иеленді.

 «Vine» номинациясында 1 орынды – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Ботанов Арнай, 2 орынды – Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Далелхан Дастан, 3 орынды – Щучинск қ. жоғары колледжінің командасы жеңіп алды.

 «Что? Где? Когда?» номинациясында 1 орынды – Көкшетау қ. жоғары медицина колледжінің командасы, 2 орынды – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің командасы, ал 3 орынды – Көкшетау қ. ЖОО-ның «Микс» құрама командасы иеленді.

 «STUD VESNA — 2018» аруы» атағын Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Бапина Маржан иеленді.

 «STUD VESNA — 2018» бірінші вице-аруы – Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Исмаилова Айна, «STUD VESNA — 2018» екінші вице-аруы – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Әйгерім Анарбекқызы атанды.

 «Үздік жанкүйерлер командасы» номинациясында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің командасы жеңді.

Фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

_0QVvsM5uY4.jpghfMkbR1qMbQ.jpgXKWpf5plaJs.jpgU7AHw6G_4PU.jpgafBxrmALcYg.jpgU_fSfr95chA.jpggztwIeq_fi8.jpgY7aQJls4Yo4.jpg

ХХІ ғасырда ғылым мен техниканың жедел дамып, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген сайын ақыл – ой мүмкіндігі қалыптасып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің ғана міндеті емес, сонымен қатар елім деп соққан жүрегі бар жастар орталықтарының да міндетіне жатады. Осыған орай Ақмола облысының жастар саясаты басқармасы, Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы және «Kazakhstan Innovations» қоғамы бірлесе отырып, елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен ұштастыра отырып, қоғамдық бастамаларды дамытуға бағытталған, жастар, студенттер және жас кәсіпкерлер арасында облыстық «AKMOLA POWER - 2017» инновациялық жобалар көрмесін биылғы жылы төртінші рет өткізіп отыр. Биыл «AKMOLA POWER» көрмесіне алдыңғы жылға қарағанда екі есе артық жас зерттеушілер қатысып отыр. Көрмеге мектептің жоғарғы сынып, колледж, университет студенттерімен қатар жас зерттеушілер де белсене қатысып, белгіленген төрт сала, яғни энергетика саласындағы инновация, ақпараттық – технологиялар инновациясы, ауылшаруашылық саласындағы бастама және экология мен табиғатты пайдалану саласындағы бастамалар бойынша жобаларын әкеліп, көрермен алдында қорғады. Көрмені өткізудің негізгі мақсаты - жастардың шығармашылық білімі мен қоғамдық бастамаларын дамыту мен қолдау, тұлға ретінде жан-жақты дамуы, ғылыми жұмыс пен зерттеушілік жобаларға қатысуға ынталандыру, мемлекеттің күшейтілген өнеркәсіптік-инновациялық дамуы бойынша, мемлекеттік саясаттың басымдылығын жүзеге асыру мақсатында, экономиканың әр түрлі салаларында инновациялық технологияларды әзірлеу мен енгізу.

 

12

DSC 0206

Жалпы көрмеге іріктеу сатысында жетпіске жуық жұмыс ұсынылса, іріктеу сатысынан қырыққа жуық жұмыс өтіп, финалға жетті. Әрбір жоба басқасына ұқсамай ерекшеленді. Іс – шараға арнайы шақырылған қонақтар Ақмола облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының  басшысы Галлямов Р.Ф., Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының басшысы Ысқақов Т.М., Ақмола облысының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Султанов Қ.А., Ақмола облысының «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»АҚ директоры Абишева С.К.,  Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының директоры Жақсылықов Е.Ж., «Гормолзавод» ЖШС директоры Жақсылықов А.Д., «Kazakhstan Innovations» ҚҚ  төрайымы Абишева М.С., «Тыныс» АҚ бас директоры Қалманбаев К.Ж., «ҰК «ӘКК» Есіл» басқарма төрағасы Ескендиров К.С., Ақмола облысының кәсіпкерлер қайымдастығының төрағасы Кенжебаев А.А. қатысып, жас зерттеушілрдің еңбектерін бағалады. Әрине жұмыстарды бағалау оңайға түскен жоқ. Әрбір жұмыс елімізді дамытып, дамыған отыз елдің қатарына қосылу үшін бір қадам болса да өз үлесін қосуы мүмкін. Бірақ әділді де, байсалды әділ – қазыларымыз әрбір сала бойынша, яғни, энергетика  саласындағы инновация бойынша жүлделі үшінші орынды Щучинск қаласының жоғары колледжінің студенттері – Кочеров Семен, Льготин Александр берсе, екінші орынды Көкшетау қаласының Назарбаев интелектуалды мектебінің оқушысы Еркін Нұрдана, ал жүлделі бірінші орынды А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері Қуанышев Алтынбек және Айдарханова Мөлдірге табыстады. Ақпараттық  - технологиялар инновация номинациясында үшінші орынға А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері Оразов Амангелды, Оразов Онасын иеленсе, екінші орынға А. Мырзахметов атындағы университетінің студенті Саулиди Виталий, ал бірінші орын Көкшетау техникалық институтының курсанты Серік Әділетке бұйырды. Ал ауылшаруашылық саласындағы басатамалар бойынша орындар келесіндей белгіленді: ІІІ орын – Шоқан Уәлиханов атындағы КМУ студенті Мусин Дәулет, Кенжебеков Ерлан, Темірбеков Олжас және Жангужина Камила иеленсе, екінші орынды Сыздыкова Динара, ал бірінші орынға Голубцова Регина ие болды. Соңғы сала экология мен табиғатты пайдалану бастамалары бойынша үшінші орынға А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті  Пираева Милана, ал екінші орынға Көкшетау қаласының Назарбаев интелектуалды мектебінің оқушысы Калиева Анель иеленсе, жүлделі бірінші орынға А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Байжолов Асет иеленді. Жүлделі орындарға ие болғандар ноутбуктер және смартфон сияқты бағалы сыйлықтармен марапатталды. Кеш барысында ұйымдастырушылар мен арнайы шақырылған қонақтар болашақта жүлделі орынға ие болған және де еліміздің дамуына өз үлесін қосатын жұмыстарды дамыту үшін қаржылай және басқа да көмек беретіндерін айтты.

DSC 0150

DSC 0115

DSC 0294

Қазан айының 19 жұлдызында Көкшетау қаласының «Достық  үйінде» Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы жыл сайынғы жастарға арналған «BASTAU Talks» қоғамдық дәрісін өткізді. Қоғамдық дәрістің негізгі мақсаты – жастарды елімізде бизнес жүргізудің мүмкіндіктерімен ақпараттандырып, ынталандыру болды. «BASTAU Talks» қоғамдық дәрісіне қаламыздың беделді бизнес – спикерлері, жоғары оқу орындары және колледж студенттері қатысты.

 «BASTAU Talks» қоғамдық дәрісін  Ақмола облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Ысқақов Тимур Маратұлы ашып, бәріне сәттілік тіледі. Қоғамдық дәрісінің бизнес-спикері «Гормолзавод» ЖШС директоры Асен Жақсылықов өз бизнесінің қыр – сырымен бөлісе отырып, жастарға ұсыныс жасады. Егер де жастар арасында өз бизнесін ашып, жүргіземін деген болса, өз бизнес – жоспарын құрып, қорғап шықса, қолынан келгенше сол бизнесті дамытуға қол ұшын беретінін айтса, Астана қаласынан келген киім дизайнері, имиджмейкер, «SA - BELLE» дизайн мектебінің қалаушысы Белла Сат – Мырза бизнестің оңай жақтары мен қиын жақтарына тоқталып кетті. Сонымен қатар ешқашан да қолыңды түсірмей, алдыңа қойған мақсатқа жету үшін жайлылық аймағыңнан шығап, алға қадам басу қажеттігі жайында жастарға түсіндіріп кетті. Ал үшінші спикер, АҚ «Атамекен» ҰКП бизнес – тренері Жанат Жақыпов жастарға қазіргі кезде мемлекеттен қандай көмек берілетіні жайында егжей – тегжей айтып шықты. Бизнес – спикерлер өздерінің сөздерін презентациялармен сүйемелдеп отырды. Отырған жас қауым бар ынтасымен тыңдап, қызытырған сұрақтарын қойып, ойын мазалап жүрген мың сұрақтарының жауаптарын алып шықты.  Сонымен қатар кеш барысында кешімізге келген жас бизнес иелері де ортаға шығып, өз бизнестері жайында қысқаша айтып, «BASTAU Talks» қоғамдық дәрісінің өздеріне қандай әсер қалдырғандығы жайында тоқталып кетті. Кеш басталмай тұрып келген қонақтар мен студенттер арасында шағын конкурс өткізіліп, қорытындысы іс – шараның соңында айтылды. Студенттер қызығушылық танытып, белсене қатысты. Сайыстың жеңімпаздары
Айдана Рахметуллина, Айгерим Бостанбаева, Алина Баубекова, Абылай Азретали. Кеш барысында жастар арасында шағын сауалнама жүргізілді.

Кештің соңында Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы келген қонақтарға өз алғыстарын білдіріп, Ақмола облысының жастар саясатының атынан алғыс хаттармен мараппаттады.

2017 жылғы 11 шілдеде Ақмола облысы, Зеренді ауданында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен Түркі кеңесінің халықаралық жазғы лагерінің салтанатты ашылуы өтті.

Лагерьдің негізгі мақсаты – Түркі кеңесі елдерінің жастары арасында мәдениетаралық байланыс, жастар саясаты саласында озық тәжірибе мен инновациялық жобалар алмасу болып табылады.

19965062 1569822453091418 1327284095 n 1023x768

Лагерь жұмысына Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан елдерінен делегаттар, тәжірибесі мол білікті тренерлер мен аймақтардан жастар саясаты саласының мамандары қатысып, жастар саясатындағы инновациялық идеялардың іске асуы, осы саладағы Түркі кеңесі елдерінде жүзеге асырылып жатқан тиімді жобалар мен  басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

Лагерьдің ашылуында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, Түркі кеңесінің халықаралық лагері қатысушыларын шараның ашылуымен құттықтап, ел болашағының құрылымын қалыптастырудағы  жастардың рөліне тоқталды. Вице-министр өз сөзінде: «Ұлттың рухани жаңғыру жобалары жастар саясаты саласында ынтымақтастық пен жастармен жұмыста жаңа әдістерді қалыптастыруға мүмкіндіктер береді. Қазақстан Түркі кеңесіне қатысушы-елдердің мәдениаралық диалогты арттыру бойынша бастамаларын белсенді түрде қолдайды. Осы орайда, жас азаматтар толеранттылық пен этностық және діни ерекшеліктерге төзімділік танытулары керек. Жастар мәдениет, бейбітшілік пен келісімді орнатуда қызығушылық танытулары маңызды» - екенін атап өтті.  

«Жас Отан» Жастар қанатының жетекшісі Данияр Сүндетбаев Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген негізгі бастамалармен таныстырып, ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымызды, салт-дәстүрімізді, мәдени ескерткіштерімізді жаңғыртуда Түркі кеңесінің жастары арасында өзара ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

news photo 4994 1023x682

Шара барысында тренингтер мен пікір-талас алаңдары ұйымдастырылып, Түркі кеңесі қатысушы елдердің бейбітшілік бастамалары туралы Асқар Құмыран, әлеуметтік желі және жастар тақырыбы бойынша Асхат Садырбай және басқа да жаттықтырушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, бір аптаға жоспарланған лагерь жұмысы аясында мәдени-дамыту, тренингтер мен спорттық шаралар, сонымен қатар «ЭКСПО - 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне саяхат жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, лагерь ағымдағы жылдың 10-16 шілде аралығында  Ақмола облысы, Зеренді ауданындағы демалыс орнында ұйымдастырылуда.

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00