DSC 0619

16 мамыр күні «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары елшілігінің саяси бөлімнің Бірінші хатшысы Кэролин Дубровски және саяси мәселелер жөнінде жауапты көмекшісі Алия Касеновамен кездесу өтті.

АҚШ-тың елшілік өкілдері Ғылыми-зерттеу орталықтың жұмысымен танысып, жастармен жұмыс жасау тәжірибесі және ғылыми зерттеулер жүргізуге байланысты әрі қарай ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.DSC 0613

Screenshot_1.jpg

2018 жылдың 27 сәуірінде Астана қаласында «Болашақ мамандар: Y, Z ұрпақтары қандай бағытқа дайын болуы керек?» атты шетел сарапшыларының қатысуымен жастардың өзекті мәселелері бойынша республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам минстрлігі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы және  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы болды.

Конференция алдыңғы қатарлы білім беру жүйесінің, еңбек нарығының, жастар саясаты мәселелерінің дамуын қамтамасыз етуде қызығушылық танытқан барлық тараптардың өзара іс-қимылдарын жақсартуға, ортақ көзқарас қалыптастыруға және заманауи тосқауылдарға дайын болуларына бағытталған.

Конференция жұмысына Қазақстан республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Кәлетаев Дархан Аманұлы, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Өрсариев Арын Амангелдіұлы, мүдделі мемлекеттік органдардың, дипломатиялық қызмет өкілдері, отандық және шетелдік сарапшылар, жастар ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар жастармен жұмыс істейтін мамандар қатысты.

Модераторлар және спикерлер ретінде «Атлас новых профессий» жобасының жетекшісі Судаков Дмитрий Александрович (Ресей Федерациясы), Жастар саясаты лабораториясының сарапшысы Бакальсо Мария Кристина (ГФР), Almaty Management University директоры Қожахметов Асылбек Базарбайұлы, «Нұр Отан» партиясының саяси қызмет Депертаментінің директоры Жумин Данат Есболұлы, қоғам қайраткері және саясаттанушы Саясат Нұрбек, «Холдинг «Кәсіпқор» ҰАҚ Worldskills Kazakhstan қозғалысының және профмастерлік даму басқармасының басшысы Байгулунова Данагүл Дауренқызы, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахим Ошақбаев, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның президенті Арғандыков Дәулет Рашидұлы, «Нұр бағдар» кәсіби тестілеу және кеңес беру Орталығының әкімшілік директоры, бас редактор Мамбеева Жанар Сабурқызы, The Steppe бас редакторы Қосназаров Данияр Бүлекұлы, Қазақстандағы БҰҰ-ның (ЮНИСЕФ) Балалар қоры Уәкілдік бағдарламасының үйлестірушісі Айгүл Қадырова және тағы да басқалары сөз сөйледі.

Screenshot_5.jpgScreenshot_4.jpgScreenshot_6.jpg

Screenshot_7.jpg

Конференция аясында үш секция ұйымдастырылды -«Жаңа жұмыспен қамту нысандары және озық білім беру», «Футурология және болашақ мамандар», «Қазіргі заманғы білім: Y, Z ұрпақтарының рухани-адамгершілік идеалдары».

            Көпшілік сарапшылардың ойлары бойынша еңбек қызметіне цифровизация, автоматтандыру, роботтандыру, жаһандану,  экологизация, әлеуметтік қоғамдардың дамуы, демографиялық өзгерістер, экономиканың құлдырауы («краудкапитализм»), техникалық прогресстің күрт дамуы әсер етуде. Сол себепті өсіп келе жатқан ұрпағымыздың бойында қарқынды өзгеріп келе жатқан өмір жағдайларына бейімдендіру дағдыларын дамыту өзекті мәселе болып отыр. Бұл тек қана менталды емес, сонымен қоса эмоционалды, физикалық тұрғыда және рухани даму болып табылады.

Конференция нәтижесі бойынша материалдар жинағы шығарылып, резолюция қабылданады.

2018 жылы 25 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Сейфуллин оқулары – 14: Жастар, ғылым, инновациялар: цифрландыру – жаңа даму кезеңі» атты жыл сайынғы Республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті. 

Конференцияның мақсаты Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған тапсырмаларды орындау үшін мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар мен жас зерттеушілер арасында халық өмірінің сапасын арттыру, сондай-ақ жастар бастамаларын жүзеге ас

12

ыру, тәжірибе алмасу және жастар арасында ғылымды дәріптеу, экономиканың әртүрлі секторларына сандық технологияларды енгізу туралы мәселелер төңірегінде интерактивті алаң құру болып табылады.

Іс-шараға «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» АҚ Басқарма Төрағасы А.Қ.Күрішбаев, «Атамекен» ҰКП Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің Төрағасы Т.К.Доскенов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президент кеңесшісі  Б.Қ.Атыбай, «Ғылым қоры» АҚ Жоба дирекциясының директоры А.А.Ашкин және жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары қатысты.

 

Университет ректоры А.Қ.Күрішбаев өз сөзінде ҚазАТУ-ді ауыл шаруашылығында халықаралық деңгейдегі зерттеу университеті ретінде реформалау аграрлық салада ғылымды дамытуға,  жас ғалымдар арасындағы бәсекелестік қабілетін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.  Сондай-ақ, білім беру саласын қарқынды түрде сандық жүйеге өткізу жолдарын барынша жылдамдату керектігіне тоқталды. Соның ішінде ауыл шаруашылығы саласын өңірлермен бірлесе отырып цифрландырудың оңтайлы тәсілдерінің бар екендігін айта келе өзгелердің де  сол жолмен жүру керектігіне назар аударды.                

«Ғылым қоры» АҚ Жоба дирекциясының директоры А.А.Ашкин жобаларды гранттық қаржыландыру және ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру нәтижелері туралы,  сондай-ақ конкурсқа қатысу ережелері мен гранттық қаржыландыру жайында  айтып берді.       

Пленарлық мәжілісте жас ғалымдар пайдалы, қызықты ақпарат алып, жас мамандар үшін өзекті сұрақтарды қоя білді.ГАЖ технологиялары оқу орталығының меңгерушісі Ф.К.Ермеков ҚР ауыл шаруашылығын цифрландыру тақырыбында өзекті  мәселелерді көтерді. Еліміздің солтүстік аймақтарында егін жинаудың ғарыштық мониторингі және Целиноград облысындағы жерлерді пайдалану, Ақмола облысында 4 миллион гектардан астам жер аумағына электронды карталардың әзірленіп жатқандығы туралы айтты. 

Конференция жұмысы Агроөндірістік кешеннің тұрақты дамуындағы цифрлық технологиялардың рөлі; Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалануда ақпараттық технологияларды қолдану; Тамақ өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау цифрлық технологиялары; Ақмола ауылшаруашылығы институтының бірінші директоры, т.ғ.к. Т.Г. Духовтың туылғанына 100 жыл толуына тураланған «Агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлық технологияларды техникалық қамтамасыз ету» секциясы; Ветеринариядағы инновациялық жаңашылдықтар мен IT-технологиялар; Мал шаруашылығы, балық шаруашылығы және аң шаруашылығының қазіргі заманауи аспектілері; Биология және биотехнологияның қазіргі мәселелері және өзге де ғылыми бағыттар бойынша секцияларда жалғасын тапты.       

Конференция аясында жас ғалымдар мен студенттер жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды. Жас ғалымдар мен студенттер өз жобалары мен технологиялық платформалардың өнімдерін, сондай-ақ жабық сумен жабдықтау қондырғыларында балықты өсіру: қондырғыны орнатудан бастап алғашқы өнімді алу жолын көрсетті. Сондай-ақ «Электрондық медициналық жазбалар», «ҚТҚ сұрыптау жүйесі», «Көмек», «Вкусняшка» әлеуметтік жобаларының тұсаукесері өтті.           

Шара соңында секциялық отырыстар  қорытындыланып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға дипломдар табысталды. Сонымен қатар конференция қарары қабылданды.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің  Баспасөз орталығы

Анықтама телефондары: 395-707,  8 701 472 51 29   

 

            

 

Screenshot 1Screenshot 2Screenshot 3Screenshot 4

Бүгін, 18 сәуір күні, Астана қаласында №3 Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында мектеп оқушылары арасында «Жасыл Әлем» ертегілер сайысы өткізілді. Конкурс ұйымдастырушылары - «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы және «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі.

Сайыстың мақсаты – мектеп жасындағы жастардың экологиялық мәдениеті қалыптастыру және дамыту.

Конкурс 2 кезеңнен тұрды: бірінші кезең – өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау (экологияға байланысты аңыздар, ертегі, әңгімелер және т.б. шығармалар); екінші кезең – ертегілерді мәнерлеп оқу, сахналау. Сайыс барысында барлығы 78 өтінім қабылданды; 15 жұмыс 2-турға іріктелініп алынды.

Қазылар алқасының қатарына «Жасыл ел» РШ жетекшісіні орынбасары Әсем Мадекешова, Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлбадан Мадибаева және «Жас Ұлан» ББЖҰ төрағасының орынбасары Бекарыстан Аманжолов кірді.

Көрермендердің дауыс беруі мен қазылар алқасының бағалауы нәтижесінде №2 мектеп-гимназиясы оқушысы Хасен Малика (5-7 сынып оқушылары категориясында), №76 мектеп-лицей оқушысы Қайсарова Бибінұр (8-9 сыныптар) және Бекмұхамбет Жанболат - №72 мектеп-лицейінің оқушысы (10-11 сыныптар категориясы) сайыстың жеңімпаздары атанды.

«Біздің қаламыздың экологиясы мені өте алаңдатады, өйткені бұл да біздің үйіміз ғой. Қоршаған орта біздің өмірімізге өз әсерін тигізеді. Сондықтан мен әрқашан әр түрлі конкурстар мен сенбіліктерге белсене қатысамын. Бұл конкурс туралы естігенде де қуандым. Ертегі құрастыру қызықты болды және осындай мүмкіндік үшін ұйымдастырушыларға рахмет айтқым келеді. Адамдар қала жағдайының біз үшін қаншалықты маңызды екенін күнделікті ойлай бермейді ғой, бірақ біз бүгін саралап, көп мәселелерге көңіл бөлдік», - дейді жеңімпаз Малика Хасен.

Сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды. Үздік конкурстық жұмыстар www.zhasulan.kz сайтында және ұйымдастырушылардың ресми парақшаларында жарияланады.

 

Бүгін, 16 сәуірде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Жастардың гуманитарлық білім алуы – рухани жаңғырудың императиві» атты жастардың гуманитарлық білім алуы мәселелері бойынша дөңгелек үстелін өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған және Елбасына ұсынылған 18 оқулық бойынша пікірлермен алмасу және жастардың гуманитарлық білім алудағы өзекті мәселелерін талқылау.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры З.Қ.Шаукенова, Ұлттық аударма бюросының редакторы Т.Мұхтаров, «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы Кеңесінің төрағасы М.Н.Манкеев, Қазақстан КВН одағының президенті Е.Елеукен, сондай-ақ «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сарапшылары А.Абдуллаева мен Ә.Ибадоллаева сөз сөйледі.

Ұлттық аударма бюросының редакторы Т.Мұхтаров қазақ тіліне аударылған 18 оқулықты ұсынып, Париж университетінің профессоры Реми Хесттің «Философия жайлы 25 таңдамалы кітап», американдық ғалым Дэвид Майертстің «Әлеуметтік психология» және Ли Энн Пек пен Гай Рилдің «Медиа этика» кітаптарына тоқталды. Сондай-ақ, биыл дүниежүзі тарихы мен дипломатия туралы әлемдік туындыларды аудару жоспарланып жатқанын баяндады.

Белгілі ғалым З.Қ.Шаукенованың айтуынша, жаңа аударылған оқулықтар жас буынға туған тілінде әлемдік білім алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жастар тәрбиесінде әлеуметтік психологияның маңыздылығы туралы айтылды.

«Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысы Кеңесінің төрағасы М.Н.Манкеев жоғары оқу орындарының гуманитарлық білім бойынша бағдарламаларына сараптама жүргізу жөнінде айтты.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сарапшысы А.Абдуллаева дінтану саласындағы құнды еңбек тарту еткен британдық жазушы Карен Армстронгтың «Құдайтану баяны: иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс» кітабы жайында пікірін білдіріп, бұл оқулықтың дін саласындағы мамандарға ауадай қажет екенін айтты.

Дөңгелек үстел жұмысына сарапшылар, республикалық жастар ұйымдарының басшылары, сондай-ақ жастармен жұмыс жасайтын мамандар қатысты. Іс-шара нәтижесінде жастардың гуманитарлық білім алуын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленеді.

16

13

14

15

17

12

001002

Бүгін Шымкент қаласында ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесінің ХХІ отырысы студент жастармен және белсенділермен кездесу өтті. Кездесу барысында жастар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа бес әлеуметтік бастамаға қолдау білдіріп,  алғыспен үндеу жолдады.

Барша жастардың атынан Елбасының атына үндеуді «Қазақстан студенттері Альянсы» республикалық студенттер қозғалысының лидері Ілияс Түстікбаев жариялады.

«Еліміздің барлық студенттерінің атынан, Сізге әрдайым тұрақты және перспективалы дамуға, білім беру саласында және студент жастардың шығармашылық өсуіне, алға қойған жоспарларды іске асыруда көрсеткен орасан қолдауыңыз үшін шексіз алғысымды білдіремін.

Бүгінде елімізде жастардың рухани және потенциалдарының дамуына барлық мүмкіндік жасалған. Сіз жариялаған Әлеуметтік жаңғыруға бағытталған 5 әлеуметтік бастама жастардың дамуы мен қалыптасу жолында қуатты қолдау болып табылады. Аталған бағдарламалар жастарға деген мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі деп білеміз», - деп айтылған үндеуде.

«Нарықтық экономикада адами капиталы бірінші орынға шығады. Жоспарланған гранттар, еліміздегі әрбір екінші жастың жоғары сапалы және қолжетімді білім алу үшін үлкен көмек көрсетеді, жас мамандардың Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шет елдерде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға зор мүмкіндік береді. Жоспарланған жаңа 75 мың орындық студенттік жатақханалар мемлекет тарапынан жастардың сапалы білім алуға деген баса назарының айқын көрінісі.

Біз жас мемлекетпіз. Бәрі әлі алдымызда, барлық жолдар ашық, жаңа мүмкіндіктер іске асуын күтуде, осының барлығы бізге ерекше серпіліс береді. Еліміздің көңілі жайлы, тұрмысы майлы болу жолында тың міндеттерді тындырымды жұмысқа ұластыруға бар күшімізді саламыз!», - деп жазылған жастар үндеуінде.

Ел жастары мемлекетіміздің одан әрі дамып, гүлдену жолында әлі де талай істің жүзеге асырылуы тиіс екенін түсіне отырып, әлеуметтік мемлекет пен ұлттық өркендеудің шынайы, әрі сындарлы қазақстандық моделін бірге жасауға дайын екендіктерін атады.

Қазақстан жастарының гуманитарлық білім алуының өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел

 «Жастардың гуманитарлық білім алуы – қоғамдық сана жаңғыруының императиві»

«Жастардың гуманитарлық білім алуы – қоғамдық сана жаңғыруының императиві» атты Қазақстан жастарының гуманитарлық білім алуының өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелі 16 сәуірінде өтеді.

Дөңгелек үстел гуманитарлық білімнің өзекті мәселелері, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі талқыланатын диалогтық алаңға айналады.

Іс-шара мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске асырылуының бір жылдық есебін тыңдау, сондай-ақ «100 жаңа оқулық» жобасының презентациясын көрсету.

Ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстел жұмысына орталық мемлекеттік органдардың, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, сарапшылар қауымдастығы мүшелері, жастар ұйымдары қызметкерлері, сондай-ақ жастармен жұмыс жасайтын мамандар қатысуы күтіледі.

Дөңгелек үстел спикерлері: Рауан Кенжеханұлы, Бүркітбай Аяған Гелманұлы, Шәукенова Зарема Кәукенқызы.
Іс-шара нәтижесінде жастардың гуманитарлық білім алуын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленеді.

Іс-шара ұйымдастырушы: «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

Өту уақыты: 16 сәуір 2018 жыл, сағат 11.00-де.
Өтетін орын: Астана қ., «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, Silk Way бизнес-орталығы, Тәуелсіздік даңғ., 41.
Фото Mukhtar Мухтар Холдорбековоқулық

Qu1fxZrI

 Фотосурет Павел Михеев

Ресей нарығы тұрақсыз, рубль психологиялық шектен асып кетті, ресей олигархтары мен компаниялары миллиардтаған долларларынан айырылуда. Бұл жағдайда қазақстандықтар не күту керектігін біз ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтан сұрадық.

«Санкциялар жарияланған күні нарықта толқулар басталды. UC Rusal акциялары едәуір түсті, сол ретте біз ресей рублі деңгейінің өзгеруін байқаудамыз. Біріншіден, бұл үдерістің біздің нарыққа әсерін бағаламас бұрын екі-үш күн нарық қобалжуларын бақылауымыз қажет, өйткені өздеріңізге мәлім болғандай, саясиландыру мәселесіне қатысты нарық өзгереді. Сондықтан, Ресейдегі жағдайды бақылап отыруымыз қажет, егер рубль төмендеп және ол жүйелі сипатқа ие болса, онда біз де оның әсерін сеземіз. Бұл ретте біз Ұлттық Банкпен бірлесе жұмыс атқаруымыз қажет. Бүгін Премьер-министр төрағалығымен экономикалық саясат жөнінде кеңес отырысы өтуде және осы мәселе сол жерде қарастырылады. Қазіргі уақытта, бірінші кезекте, Ресейдегі ахуалды зерттеу қажет, кейін біздің экономикамыз, саудамыз, инвестицияларымыз, курсымызды бағалауымыз қажет», - деді министр.

Журналистер: «Бүгінгі теңгенің құлдырауын тек жай ғана қобалжу деп қарастыру керек пе?» - деп сұрақ ойды.

«Әлбетте, біздің баға белгіленімі нарықтық сипатта, сәйкесінше нарықтық агенттер кез келген жаңалыққа әсерін тигізеді және белгілі бір психологиялық әсер байқалуы мүмкін», - деп  Т.Сүлейменов ақпаратты растады.

- Қазақстанның Ресейде инвестициялары көп пе?

«Керісінше, біз Ресейдегі инвестициялардың реципиентеріміз. Біздің мұнай-газ секторында, өндірістік секторларда және т.б. салаларда ірі инвестицияларымыз бар. Олар ұзақмерзімді сипатқа ие, сәйкесінше, Қазақстан экономикасынан кететін инвестицияларды көрмейміз, алайда кешенді бағалауды жүргізіп отырмыз. Бұл жұмысқа біздің Министрлік, Қаржы Министрлігі, Ұлттық Банк және мемлекеттік органдар тартылады», - деп сөзін аяқтады министр.

казахский вариант Копировать

2018 жылғы 27 сәуірде «Болашақтың мамандықтары: Y, Z ұрпақтары қай бағытта дайындалуы керек?» тақырыбында жастардың өзекті мәселелері жөнінде шетелдік сарапшылардың қатысуымен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізіледі. Конференция зерттеу жүргізу идеялары және тәжірибемен алмасуға мүмкіндік беріп, түрлі ғылыми және зерттеу ұйымдарының байланыстарын арттырады.

Конференцияға Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттары, министрлер, мемлекеттік органдардың өкілдері, шетелдік және отандық белгілі жастармен жұмыс жасайтын ғалымдар мен сарапшылар, жоғары оқу орындарының, тәуелсіз қоғамдық ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институттарының, аналитикалық орталықтар және өзге ұйымдардың қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысылуы күтіліп отыр.

Конференция жұмысының нәтижелері бойынша ISBN нөмірі бар мақалалар жинағы шығарылатын болады. Жинаққа ғылыми мақалалар жариялаған үшін сертификаттар табысталады.

Өтінімдер мен мақала тезистерін 20 сәуірге дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. қабылданады. Өтінім үлгісін 1-қосымшада жүктей аласыз.

Ғылыми мақалалар мен тезистерге қойылатын талаптар (2-қосымшасы) сәйкес рәсімделуі тиіс.

Еске салайық, конференцияның өткізу мақсаты сарапшылар жастар мәселелерін, жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту, келешектің мамандықтары, адами капиталды дамыту, рухани құндылықтар мәселелерін, дамудың болашақтағы бағдары, «сандық дәуір», жастарды жұмыспен қамтудың заманауи тенденциялары, XXI ғасыр дағдылары, жастардың рухани білім алуы, жойылып бара жатқан мамандықтар, заңнаманы жетілдіру және жұмыспен қамту жүйесі, білім беру жүйесін жаңарту және еңбек нарығына бейімделу, еңбектің бірыңғай электронды биржасын енгізу және еңбек нарығында жол табу мәселелерін талқылайтын алаңды ұйымдастыру болып табылады.

Конференцияны өткізу аясында келесі секциялардың жұмысы жоспарланған:

I секция: «Жұмыспен қамтудың жаңа нысандары және озық білім»

II секция: «Футурология және болашақ мамандықтары»

III секция: «Заманауи әлемдегі білім: Y және Z ұрпақтарының рухани-адамгершілік идеалдары»

Конференцияны өткізу «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы қызметінің 5-жылдығына арналған.

Жұмыс тілдер: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына қатысуға өтінім (1-қосымша) жолдау қажет.

Конференция ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы

 

Елбасының Жарлығымен Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Калетаев

"Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын",- делінген Қазақстан Президенті Жарлығында. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының басқа Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Аманұлы Кәлетаевтың өкілеттігі тоқтатылды.

Дархан Калетаев 1972 жылғы 10 қазанда туған, қазақ, білімі жоғары. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Мамандығы бойынша тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқарудың менеджері. Саясаттану ғылымдарының докторы. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарушы директоры болып қызметтерін атқарған. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00