Сипаттамсы

Дельфий ойындары – бұл өнердің барлық түрлерін біріктіретін (бейнелеу, орындаушылық, қолданбалы, сөз өнері, әдеуметтік, экологиялық) және қазіргі уақытта 42 классикалық және қазіргі заманғы аталымдар (фортепиано, скрипка, халық аспаптары, үрмелі аспаптар, эстрадалық әншілік, халықтық әншілік, академиялық әншілік, эстрадалық би, халық биі, театр, көркемсөз оқу, цирк, ди-джей, фотография, плакат, граффити, вэб-дизайн, журналистика, теледидар, аспаздық өнер, шаштараз өнері, мәдени мұраны сақтау, халық кәсіптері, және т.с.с) бойынша өткізілетін, қазіргі жағдайларда талап етілетін өнер саласындағы жас кәсіпқойлардың кешенді жарысы. Ойындар мәдени мұраны сақтаудың, жас таланттарды іздеу және қолдаудың, өскелең ұрпаққа этикалық тәрбие берудің, жеке адамның рухани тұрғыда қалыптасуына көмек көрсетудің, мәдениаралық диалог құруға жәрдемдесудің және мәдениеттердің әртүрлілігін дамытудың тиімді құралы.

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00