«Жастар» ҒЗО әлеуметтік зерттеуіне сәйкес, Қазақстандағы бақытты жастардың үлесі 2016 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға өсіп, 96,6% құраған.

«Жастар» ҒЗО жүргізілген әлеуметтік зерттеулер нәтижелеріне сүйенсек, отбасылық құндылықтар жастардың басты басымдықтарының бірі болып табылады. Жастардың 57% астамы толық отбасыны мінсіз үлгі ретінде таниды, 52,5% теріс пікірде, ал 29,4% ажырасу ісіне теріс көзқарас танытады, респонденттердің 58% астамы қазақстандық отбасында басшы әке болуы керек деген пікірде, ал 53% үшін отбасымен бірге уақыт өткізу ең жайлысы.

«Жастар» ҒЗО қазақстандық жастардың миграциялық көңіл-күйі тақырыбына жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша, жалпы алғанда, жағдай жаман емес деген қорытынды жасауға болады. Респонденттердің 51,3%  Қазақстанда қалғылары келеді, тағы 33,8 пайызы басқа елге біраз уақытқа баруды ойлайды, бірақ өз елінде өмір сүруді қалайды.

Қазақстанда жастар арасында миграциялық көңіл-күйдің төмендеуі байқалады
2017 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша, қазақстандық жастардың 97,8% Қазақстан азаматы болғандығын мақтан тұтады.

«Жастар» ҒЗО жүргізген әлеуметтік зерттеулер нәтижелері бойынша - жастар мемлекеттік жастар саясатының қажеттілігін мойындайды, алайда ол ең алдымен, әлеуметтік қамтамасыз етудің идеологиялық құралы мен механизмі болып табылады.

Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00