Ұлттық волонтерлік желі

Ұлттық волонтерлік желі – азаматтар мен заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі. Желі 2010 жылы азаматтар, азаматтық қоғам институттары, бизнес сектор, мемлекеттік құрылымдар арасында волонтерлік қызметті, бастамаларды және волонтерлік мәдениетті қалыптастыру, қолдау және дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Ұйым 3 жыл мерзім ішінде ҰВЖ волонтерлерін оқытуда көп жұмыс өткізді. ҰВЖ-ның игілік нышанының бірі жыл сайын өткізілетін Көктемнің Ізгілік Апталығы. Көктемнің Ізгілік Апталығы әдетте наурыз айының соңы мен сәуір айының басында Ұлттық волонтерлік желі ұйымымен, барлық жастағы азаматтарды, көктемнің әлеуметтік маңызды шараларына ерікті түрде қатысу, қоғамның назарын, еріктілік қызметтің Қазақстандағы ұйымдық және құқықтық жағадайын қолдау желісін жасау қажеттілігіне аудару мақсатында өткізіледі.

Астана қаласы, Иманбаева көшесі 8, ВП 15, +7 (7172) 948 073, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

www.volontery.kz

 

Республикалық «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының штабы

Ел басшысының бастамасымен Қазақстан Республикасында 2005 жылы «Жасыл Ел» бағдарламасы кеңінен қолға алынды. Жеті жыл ішінде «Жасыл Ел» жасағының батырлар саны 187 мыңнан астам болды. «Жасыл Ел» жасақтарымен 43 млн. астам ағаш, өртелген ормандарды тазарту жұмыстары жүргізіліп, парктерде, көлік жолы мен темір жолдарының бойына көшеттер отырғызылды. Ел бойынша парктер мен бақтар гүлдендіріліп, жалпы көлемі 101 329 га асатын жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, көгалдандырушылар «Таза Әлем», «Менің Жасыл Қалам», «Ел болашағы тазалықта», «Менің атаулы ағашым», «Жасыл күн», «Жасыл бақ – Таза қала» атты үлкен масштабты экологиялық акцияларға қатысты. «Жасыл Ел» бағдарламасы еліміздің көгалдануына ғана емес, ортақ үйіміз – Қазақстанның болашақ гүлденуіне жауапты болатын еліміздің келешек ұрпағын тәрбиелеуге көзделген.

Астана қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, №12, ВП14/2, +7 7172 49 50 27, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік орган

010000, Астана, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, 8(7172)74-15-84,

edu.gov.kz/ru

 

БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ)

БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстанда 1992 жылдан бастап жұмыс істейді. ЮНИСЕФ-тың басты мақсаты – балалар құқығын қорғау және балалардың қауіпсіз, сау және бақытты балалық шаққа деген құқығын қолдау. Өткен жылдар ішінде ЮНИСЕФ мандаты айтарлықтай өзгерді: вакциналар, дәрі-дәрмектер жеткізу мен басқа да материалдық көмек көрсетуден қоғам әлеуетін нығайтуға және балалар мен отбасылардың мүдделері үшін озық әлеуметтік технологияларды енгізуге көшті. ЮНИСЕФ БҰҰ жүйесінің агенттіктері арасынан бұрынғы астанасы Алматыдан бірінші болып көшіп келіп, Қазақстанның жаңа елордасы – Астанадан өзінің өкілдігін ашты.

Астана, Бейбітшілік көшесі, 10, +7 (7172) 32–29-69,

unicef.kz

 

Enactus Kazakhstan

Enactus Kazakhstan студенттерге еліміздің жоғары оқу орындарында түрлі топтар құруға көмектеседі. Enactus топтардың жобалық қызметтерін біріктіреді. Enactus студенттері адамдарға өз өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асырады. Enactus оқытушылары және бизнес серіктестері студенттерге жол көрсетіп, топтарына жетекшілік етеді. Студенттер өз жобаларын бизнес жетекшілер баға беретін, жыл сайын ұйымдастырылатын жарыстарда ұсынады. Жеңімпаз команда Әлемдік Кубок жарысына жолдама алады.

Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 187 (Байзаков көшесінің қиылысы), "Jrun" БО , 322 кеңсе, 050026, +7 727 391 12 64, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

enactus.kz

 

«Тайбұрыл» қоғамдық бірлестігі

Ұйымның басты мақсаты – еліміздің зияткерлік әлеуетін құрайтын студенттер, ғалымдар, зерттеушілер, дарынды жастар, өнеркәсіп мамандарына қолдау көрсету. Қазіргі таңда бірлестік 4 бағдарлама ұсынады: 1. «Білімді қолдау» бағдарламасы студенттерге екі жоба арқылы қолдау көрсетеді: «Ай сайынғы шәкіртақы» және «Білім гранттары». 2. «Зерттеушілерге қолдау» бағдарламасы ғалымдарға екі жоба арқылы қолдау көрсетеді: «Ғылыми зерттеулер» және «Қолданбалы жұмыстар». 3. «Дарынды жастарды қолдау» бағдарламасы ғылым, спорт және мәдениет саласындағы дарынды жастарға екі жоба арқылы қолдау көрсетеді: «Дарынды жастарды іздестіру» және «№ 2 Бағдарлама». 4. «Қонақтар дәрісі» бағдарламасы бизнес және мемлекеттік басқарма саласындағы мамандардың дәрісін ұйымдастырады.

Астана қ., Достық көшесі 1, 2 кіреберіс, 1 қабат , 24 пәтер, +7 7073043599, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

«Камеда» Қоғамдық қоры

«КАМЕДА» ҚҚ мақсаты – Қазақстан дамуына, мемлекеттік, қоғамдық және бизнес құрылымдарының ұйымдастырушылық және институционалдық әлеуетіне, әлеуметтік кәсіпкерліктің краундфандингтық платформасына оқыту және зерттеу жүргізу, кеңес беру және қолдау көрсету тәсілдері арқылы өз ықпалын тигізу. «Камеда» ОАК жұмысының бағыттары: әлеуметтік-экономикалық зерттеулер; бағдарламалар мен жобаларды бағалау және мониторинг жүргізу; оқыту бағдарламаларын, семинарлар / тренингтер / вебинарлар әзірлеу және жүргізу.

Астана қаласы. Сейфуллина көшесі, 5-үй , 9-ы кеңсе, +7 (7172) 636417, +7 (7172) 785312, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қорының миссиясы – әлеуметтік маңызы бар бастамалар мен коммерциялық емес жобалардың дамуын қолдау, кешенді білім беру, ақпараттық және кеңес беру бағдарламаларды іске асыру арқылы өз мәселелерін шешуге халықтың белсенділігін арттыру. Негізгі бағыттары: азаматтық қоғамды дамыту, әлеумет саласындағы қызмет сапасын арттыру, аумақтың маркетингі: әлеуметтік тартымдылықты, PR технологияны, насихаттау мен әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру.

Шығыс-Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Красин көшесі, 12/4 пош.инд. F02E9D9, 8 (7232) 52-53-94, 8(7232) 51-33-88, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға әдістемелік қолдауды қамтамасыз етеді.

010000, Астана қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 19А, 3 қабат, +7(7172) 79 25 45, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

www.youthpolicycenter.kz

 

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы

Қазақтан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойлаған жылы жастар ұйымдары көшбасшыларының бастамасымен 2011 жылдың 6-шы шілдесінде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Ұйымның мақсаты – қазақ халқына, оның мәдениетіне, толеранттық дәстүріне, бітімгерлігіне, ұлттық құндылығына деген махаббат пен адалдық пен білімге деген құштарлық пен өзін-өзі жетілдіру негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу. «Жас Ұланның» үлкен буынының мүшелері – 5-10 сынып оқушылары, «Жас Қыран» кіші буынының мүшелері – 1-4 сынып оқушылары.

, , This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты

«Жас Отан» жастар қанаты қоғамдық бірлестік ретінде 2008 жылдың 14 мамырында еліміздің Астанасында өткен «Жас Отан»-ның І съезінде құрылды. Ұйымдардың саны 200 мыңнан астам. Ұйымның міндеті – Елбасы саясатының платформасы негізінде еліміздің дамуындағы жаңару серпілісінің мақсатында жастарды шоғырландыру, мақсаты — жастарға басшылық ете алатын, мықты және абыройлы саяси жастар ұйымын құру. «Жас Отанның» арнайы жобалары: «Жастар — Отанға!», Жастар кадрлық резерві, «Еркін пікір» мобильді пікірталас клубы, «Дипломмен ауылға!» жобасы, «Қазақша сөйлесейік!» республикалық акциясы.

010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 12/1,, +7 (7172) 70 77 15, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

zhasotan.kz/ru

 
Мекен-жайы
Астана қаласы,
Тәуелсіздік даңғылы, 41
e-mail
телефон
8 (7172) 27 81 59
жұмыс уақыты
дү-жұ: 09:00-18:00